Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ тілінің болашағы

Әр елдің ұлттық құндылығын, мол тарихы мен болмысын жеткізетін өзіндік тілі болады. Қазақ тілінің ертеңі қандай болмақ? - осы сұрақты мен өзіме есті бола келе қоя бастадым. Тіл ертеңін ойлаған әр халық, әр ұлт өз ана тілін қорғауға міндетті деген ойыммен бөліскім келеді. Неге дейсіз бе? Ойлап қарасақ, ата-бабаларымыз кең байтақ жерімізді, көк аспаны тәуелсіз елімізді, мол тарихымыз бен бай тілімізді бізге мұра ретінде қалдырған. Сол кездерден-ақ Мағжан атамыз “Мен жастарға сенемін” деп еді ғой? Міне, біздің мойынымызда тек қана жер мен тілімізді сақтау ғана емес, ата-бабаларымыз, зиялыларымыздың өсиетін орындау да тұр.

Қазақ тілінің ертеңі бар ма? Сіз қалай ойлайсыз? Менің ойымша, осы сұрақты қоймас бұрын, оның өткеніне оралу қажет. Ана тіліміздің тарихы бір бөлек… Қандай тер арқылы тіліміздің сақталып қалуы, ызғарлы желтоқсан айындағы қаншама құрбанның арманы не болған еді? Тәуелсіздік.. Бір ғана сөз-қанша мағына.. Тәуелсіздік мен үшін ғана емес, әр қазақ үшін бейбіт аспанмен шектелмейді. Тәуелсіздік-еліміздің баға жетпес байлығы. Өзінің белгіленген шекарасы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі, өзіндік ана тілі бар тәуелсіз зайырлы елге айналғанымыз үлкен дәреже. Сонымен қатар, қазіргі өзекті мәселелердің бірі-орысшалануымыз. Тіліміздің орысшаланып кетуіне не себеп болды? Заман ба. . адам ба? Казақстан көпұлтты мемлекет екенін бәріміз де білеміз. Осы себеп бола алады ма? Менің ойымша, Қадыр Мырза Әлидің “Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!. . ” дейтін сөздері бізге үлкен тәрбиелік мән беруі қажет.

Негізінен, ана тіліміздің сақталып қалуы, ұрпақтан ұрпаққа жетуі-біздің қолымызда. Өз тілімізді біліп, оны ары қарай біз насихаматтасақ, кім насихаттайды? Қазірден бастап, өзіміздің ана тілімізге көп назар аударуымыз қажет. Себебі, тіл-халық қазынасы, елдің мерейі мен тірегі. Әр елдің ұлттық құндылығын, мол тарихы мен болмысын жеткізетін өзіндік тілі болады. Қазақ тілінің ертеңі қандай болмақ? - осы сұрақты мен өзіме есті бола келе қоя бастадым. Тіл ертеңін ойлаған әр халық, әр ұлт өз ана тілін қорғауға міндетті деген ойыммен бөліскім келеді. Неге дейсіз бе? Ойлап қарасақ, ата-бабаларымыз кең байтақ жерімізді, көк аспаны тәуелсіз елімізді, мол тарихымыз бен бай тілімізді бізге мұра ретінде қалдырған. Сол кездерден-ақ Мағжан атамыз “Мен жастарға сенемін” деп еді ғой? Міне, біздің мойынымызда тек қана жер мен тілімізді сақтау ғана емес, ата-бабаларымыз, зиялыларымыздың өсиетін орындау да тұр.

Қазақ тілінің ертеңі бар ма? Сіз қалай ойлайсыз? Менің ойымша, осы сұрақты қоймас бұрын, оның өткеніне оралу қажет. Ана тіліміздің тарихы бір бөлек…Қандай тер арқылы тіліміздің сақталып қалуы, ызғарлы желтоқсан айындағы қаншама құрбанның арманы не болған еді? Тәуелсіздік. . Бір ғана сөз-қанша мағына. . Тәуелсіздік мен үшін ғана емес, әр қазақ үшін бейбіт аспанмен шектелмейді. Тәуелсіздік-еліміздің баға жетпес байлығы. Өзінің белгіленген шекарасы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі, өзіндік ана тілі бар тәуелсіз зайырлы елге айналғанымыз үлкен дәреже. Сонымен қатар, қазіргі өзекті мәселелердің бірі-орысшалануымыз. Тіліміздің орысшаланып кетуіне не себеп болды? Заман ба.. адам ба? Казақстан көпұлтты мемлекет екенін бәріміз де білеміз. Осы себеп бола алады ма? Менің ойымша, Қадыр Мырза Әлидің “Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!. . ” дейтін сөздері бізге үлкен тәрбиелік мән беруі қажет.

Негізінен, ана тіліміздің сақталып қалуы, ұрпақтан ұрпаққа жетуі-біздің қолымызда. Өз тілімізді біліп, оны ары қарай біз насихаматтасақ, кім насихаттайды? Қазірден бастап, өзіміздің ана тілімізге көп назар аударуымыз қажет. Себебі, тіл-халық қазынасы, елдің мерейі мен тірегі.

Қуанбаева Нұрай


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама