Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сыңғырла соңғы қоңырау...

Бүгінгі күн өте ерекше. Себебі соңғы қоңырау үні 1-ші маусым күні болды. Бұл күннің ерекшелігін айтып жеткізу мүмкін емес.

Маусымның жайма шуақ күнінде мектеп бітіруші түлектер, қолына шар ұстап ержігіттер сымбаттырақ, бойжеткендер сұлу болып шықты. Бір көргенде мектеп бітіруші түлектердің орнында болғын келіп, есейгін келеді.

Түлектер күміс-көмей әнші болып, мектепке, ұстаздарына және достарына ән-шашу тарту етті. Көңілді де жайдарлы көңіл күймен билеп, соңғы қоңырау күнін қызықтыра түсті. Нәзік жанды қыздарымыз көзінеде жас алып қалды. Дұрыс, білім нәрін сусындатқан ұстаздарын бір күнде ұмыту қиын.

Өз жұптарымен әрбір сынып өзіндік ерекше вальстерін билеп бізге ерекше көрініс сыйлай түсті. Бірақта биыл бізде бітіруші түлектер екі сынып болды. Себебі бір сынып шашылып, екі сыныпты толықтырды. Екі сыныптың керемет вальстерін көріп қошеметтеп риза қылдық.

Ұлағатты ұстаздарымыз өзінің ұлдары мен қыздарындай болып оқушыларына бауыр басып қалған болатын. Ұстаздарымыз түлектерге әрдайым ақ жол, өмірде тек сәттілік тілеп шығарып салды.

Кішкентай бүлдіршіндерді иығына отырғызып соңғы қоңырау үнін соға шықты. Соңғы қоңырау күнін салтанатты түрде бүлдіршіндеріміз аяқтай түсті.

\Соңғы қоңыраудың қызығы бұдан әрі біткен жоқ, түлектеріміз ары қарай бір-бірімен билей түсті. Билегендері бірінен бірі асып түседі. Тоғызыншы сынып оқушылары өздерінің жылы лебіздерін, бітіруші сыныптардың ленталарына ақ жол, ҰБТ-да 140 балл жинауына сәттілік тіледі. Бізде осы түлектердің орнында болатынымыз сөзсіз!

Сыңғырла соңғы қоңырау демекші, ерекше күннің көрінісі осылай аяқтала түсті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама