Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан
5 сынып
Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларға қызықты болу үшін қазіргі басқару жүйесі мен қазаіргі басқару жүйесін салыстыру және өткен ғасырдағы төрелік айтумен таныстыру сонымен қатар қазақ батырларына тарихи тұрғыда баға беруге баулу.
Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырының ерлігін дәріптеп ерлігін үлгі етуге және қара қылды қақ жарған әділ болуға және қазақ жүздерінің басшыларының қызметтерін үлгі етіп жастардың бойына сіңіру.
Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Хандар, батырлар, билердің суреттері, Қазақстанның картасы, тірек сызбалар мен қима қағаздар

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Хан ел билеушісі
2. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
3. Қазақтың үш жүзінің билері
4. Әз Тәуке
5. Жоңғар мемлекетінің құрылуы.
6. Қазақ батырлары.

Мұғалім: Оқушылар үш топқа бөлініп сайыс сабақ жүргізейік:
1 - топ: Хандар
2 - топ: Билер
3 - топ: Батырлар

Әр топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар беремін, соны топ болып орындайық.
Хандар тобының тапсырмасы:
Хан дегеніміз кім?
Қандай қызмет атқарды?
Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалып отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне тоқталсақ: сяси - экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған.
Билер тобының тапсырмасы:
Қазақтың әйгілі билері
Өмір сүрген уақыты
Бата, нақыл сөздері

Қазақтың негізгі үш биі өзімізге белгілі Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. Қазыбек - қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәлімгері және Орта жүздің бас биі болған. Жеті жарғыны жасауға көмектескен. Ол жастайынан шешендігімен көзге түседі. 1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып алады. Жоңғар ханы оған шешендігі үшін «Қаз дауысты Қазыбек»- атағын берген.
Батырлар тобының тапсырмасы:
Бөгенбай батыр (1710 - 1757жж)
Қабанбай батыр (1706 - 1781жж)
Наурызбай батыр (1680 - 1778жж)
Баян батыр (1691 - 1769жж)
Жоңғарларға қарсы күреске шыққан қазақ батырлары көп. Солардың негізгілеріне тоқталсақ: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Баян батырлар. Олардың ерлігі үшін әр түрлі атақтар берген. Олар жастайынан батырлығы мен ерекше көзге түскен. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, сардарлық қызмет атқарған. Қазіргі таңда осы батырларды құрметтеп жыл сайын тойланып отырады және қала ауыл және маңызды көшелер атарын беріп дәріптеп отырады.
Тапсырмаларымызды орындап болып оқимыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама