instagram.com/kff_team_futsal
- 14 сәу. 2026 00:00
- 24
Қазақстан футзал құрамасы Әзірбайжанды ірі есеппен жеңді
Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы Ақтауда өткен жолдастық кездесуде Әзірбайжан командасын 9:2 есебімен тас-талқан етті. Бұл туралы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Tengri Sport хабарлайды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан құрамасы сапында Лео Игита (14-минут), Абдирасул Абдуманапұлы (14), Альберт Ақбәліқов (16), Біржан Оразов (24, 32), Дамир Қайырбай (30), Әгеділ Мадияров (31, 37) және Арнольд Кнауб (33) гол соқты. Әзірбайжаннан Новруз Қазыханов (16) пен Оқтай Рүстемлі (38) мергендік танытты.
Екі команданың екінші кездесуі 15 сәуірде Ақтауда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет футзалдан ұлттық құрама былтыр қыркүйекте Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарын өткізген болатын. Италиямен өткен плей-офф кезеңінде қазақстандықтар пенальти сериясында сәтсіздікке ұшырады.
Құраманың бас бапкері, бразилиялық Какау ойыннан кейін нәтижені «трагедия» деп атап, қызметінен кетуден бас тартты. Алайда, қараша айында федерациямен келісімшарттың бұзылғаны белгілі болды.
2026 жылдың қаңтарында командаға жаңа бапкер тағайындалды. Ол да бразилиялық Какау болды. Какау бұған дейін 2013-2018 жылдары команданы жаттықтырған.