Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 54 минут бұрын)
Қазақстан Катардағы азаматтарын арнайы рейстермен шығаруда: Білуге тиіс маңызды жайттар

Қазақстанның Катардағы елшілігі аймақтағы шиеленіскен жағдай мен әуе қатынасының уақытша шектелуіне байланысты елге орала алмай жүрген азаматтарға үндеу тастады. Дипломатиялық өкілдік мемлекет эвакуация тетігін іске қосып, Сауд Арабиясы астанасы арқылы арнайы рейстерді жіберу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Эвакуациялық рейстер қалай жоспарлануда?

Елшіліктің мәліметінше, эвакуациялық ұшақтар Эр-Риядқа бағытталмақ. Дохадағы қазақстандықтарды сол жаққа автобуспен жеткізу көзделген.

Жол жүру уақыты он сағатқа дейін созылуы мүмкін. Шекара өту және бақылау-өткізу пункттеріндегі кезек күтуге байланысты бұл мерзім ұзаруы ықтимал.

Осыған орай, азаматтарды сапарға алдын ала дайындалуға шақырады.

«Жолдың ұзақтығын ескере отырып, мүмкіндігінше ауыз су мен жеңіл тағамдарды, сондай-ақ қажетті жеке дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алуыңызды сұраймыз», - деп хабарлады елшілік.

Кімдер бірінші шығарылады?

Елшілік топтарды қалыптастырудағы басымдықтарды белгіледі:

Қазақстандықтарға не білу маңызды?

Елшілік Сауд Арабиясына кіру үшін алдын ала рәсімделген виза қажет екенін атап өтті. Визаны «Visit Saudi» сайты арқылы немесе Қазақстандағы туристік агенттіктер арқылы рәсімдеуге болады.

Виза рәсімдеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«Бұл кезеңде тек 28 ақпанда ұшуы тиіс болған азаматтарға ғана виза рәсімдеу қажет», - деп нақтылады дипломатиялық өкілдік.

Келесі топтарға виза рәсімдеудің басталғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

«Эвакуациялық әуе рейстері дайын болған сайын және келесі топтар қалыптасқан кезде, елшілік тиісті азаматтарға виза рәсімдеудің басталғаны туралы қосымша хабарлайды», - деді елшілік.

Не дайындау қажет?

Елшілік шығатын азаматтарға мынадай ұсыныстар берді:

Нақты шығу уақыты, жиналатын орын және тізімдерді қалыптастыру тәртібі бөлек хабарланатыны айтылды.

Елшілік қызметкерлерінің жоғары жүктемемен жұмыс істеп жатқанын және әр хабарламаға жедел жауап бере алмайтынын атап өтті.

«Барлық азаматтардан сабыр сақтауды, жауапты органдардың нұсқауларын қатаң орындауды және елшілік қызметкерлерінің жүктемесін ескере отырып, әрбір өтінішке жеке жауап берудің физикалық мүмкін еместігін түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Елшілік рейстер дайын болған сайын азаматтарды алдағы қадамдар туралы жедел хабардар ететініне сендірді.

Жаңалықтар

Жарнама