depositphotos.com
- 18 нау. 2026 23:30
- 22
Қазақстан мен Австрия заңсыз мигранттарды қайтару туралы келісімге келді: Тоқаев заңға қол қойды
Қазақстан мен Австрия арасындағы заңсыз мигранттарды қайтару және транзит туралы келісімді ратификациялау туралы заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа заңға сәйкес, екі ел арасындағы заңсыз жүрген немесе елде болу құқығынан айырылған тұлғаларды қайтару және транзиттеу бойынша құқықтық негіз қаланды. Бұл келісім Қазақстан мен Австрияға өз аумағында заңсыз жүрген мигранттарды, сондай-ақ елде болу немесе тұру құқығынан айырылған азаматтарды қайтарудың нақты ережелері мен мерзімдерін белгілейді.
Келісім тек екі ел азаматтарын ғана емес, үшінші елдердің азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды да қайтару және транзиттеу тәртібін анықтайды. Үшінші ел азаматтары өздерінің азаматтығы бар елдерге, ал азаматтығы жоқ тұлғалар соңғы тұрақты мекендеген еліне немесе оларға жол жүру құжаттарын берген мемлекетке қайтарылады.
Бұл келісімді іске асыруға Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мен Австрия Федералдық ішкі істер министрлігінің Көші-қон және босқын мәселелері жөніндегі Федералдық ведомствосы жауапты болады.