Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстан Республикасы (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту. Буын түрлерінен өткенді қайталау.
Дамытушылық: жаңа сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың сөздік қорын байытып, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
б) Сөйлесу
І. Үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақ: Балалар үйге қандай тапсырма берілді: Жауап:
Анамның тілі, грамматикалық тапсырмадан: Буын түрлері
Сұрақ
1. Кәне, кім айтады қазақ тілінде буынның неше түрі бар екен? Жауап: 3 түрі бар
2. Буын түрлерінің атауын кім айтады? Жауап: ашық, тұйық, бітеу
3. Ашық буын қалай жасалады? Жауап: Дауысты дыбыстан тұрады, немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталады.
4. Тұйық буын қалай жасалады? Жауап: дауысты дыбыс тан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
5. Бітеу буын қалай жасалады? Жауап: дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Нәтиже сабақ бойынша жасалған жазба жұмыстары тексеріледі
Үй тапсырмасын қорытындылау барысында оқушылар «Анамның тілі» әнін музыкаға қосылып шырқайды.
«Ана тілім - айбыным» тақырыбына жазып келген шығармалары оқылады.

ІІ. Жаңа сабақ.
ІІ. І Сөздік жұмысы.
Тәуелсіз – независимое
Қонақжай – гостеприимный
Мемлекеттік рәміздері – государственная символика
Тыңдалым. Айтылым.
а) Жаңа сөздерді бірнеше рет оқыту, аудармасымен таныстыру
ә) Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру.
ІІ. ІІ Мәтінмен жұмыс. Оқылым.
Біз Қазақстанда тұрамыз.
(Осы жерде Астананың суреттерін қоямыз)
Қазақстан – біздің Отанымыз. Ол – тәуелсіз мемлекет.
қала суреті.
Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Республиканың бас қаласы - Астана.
Қазақстан – өзінің салт – дәстүрі, мемлекеттік рәміздері бар ел. Қазақ халқы - қонақжай халық.
а) Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару арқылы мазмұнын түсіндіру ә) Мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап беру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны - дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы - 1: 2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі - түсті және сызба бейнелеріне дәлме - дәл сәйкес келуге тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезі тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көшірме бейнесі, көлеміне қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталонының түрлі - түсті немесе ақ - қара бейнесіне дәлме - дәл сәйкес келуге тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны бар.

а) Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуын және интонацияны дұрыс сақтай алуын қадағалай отырып, оқулықтағы 2 - жаттығу арқылы жұптық жұмыс жүргізу.
АСТАНАҒА саяхат
Ол үшін оқушылар берілген тапсырмаларды жылдам орындап өз кезектеріне тұру керек

Деңгейлік тапсырмалар:
№ 1.
1. Сұраққа жауап бер. Сен қай мектепте оқисың?
2. Мектепте сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта
№ 2
1. Сұраққа жауап бер. Сенің ана тілің қай тіл?
2. Ана тілі сөзіндегі дауысты дыбыстарға талдау жаса.
№ 3
1. Сұраққа жауап бер. Сен ана тіліңді білесің бе?
2. Астана сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№ 4
1. Сұраққа жауап бер. Сен ана тілін кімнен үйрендің?
2. Әдебиет сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№ 5
1. Сұраққа жауап бер. Сен ана тіліңде кітап оқисың ба?
2. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? Ата. Оларға мысал келтір.
№ 6
1. Сұраққа жауап бер. Сен қазақ тілінде кітап оқисың ба?
2. Қазақ сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№ 7
1. Сұраққа жауап бер. Сен қазақ тілінде ән білесің бе?
2. Республика сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта
№ 8
1. Сұраққа жауап бер Қазақ тілінде қандай мақал білесің?
2. Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
3. Мақал сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№ 9
1. Сұраққа жауап бер Қандай жұмбақ білесің?
2. Жұмбақ сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта
3. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
№ 10
1. Сұраққа жауап бер Біздің елімізде қандай ұлттар өмір сүреді?
2. Елімізде сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№ 11
1. Сұраққа жауап бер Сен өз ана тіліңді сүйесің бе?
2. Қарағанды сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№ 12
1. Сұраққа жауап бер Қазақстан қандай ел?
2. Өзен сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№ 13
1. Сұраққа жауап бер Қазақстан рәміздерін білесің бе? Ата.
2. Рәміздер сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.

ІІ. ІҮ Оқылым. Жазылым.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Біз тәуелсіз Қазақстанның ұланымыз. Мен қазақпын, мен орыспын, мен шешенмін, мен татармын. Бәріміз доспыз.
ІҮ. Бағалау. Үйге тапсырма беру.
ІҮ. І Жаңа сөздерді, мақал - мәтелдерді жаттау.
1 - жаттығу мазмұны
4 - жаттығуды орындау Мақалдарды оқып, аудар, жаттап ал.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама