Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақстан Республикасының Рәміздері бала көзімен
Марат Абдраманхан

Қазақстан Республикасының Рәміздері бала көзімен.
Рәміз әрбір елдің өзіне ғана тән белгі. Рәміздердің халықтың даңқын асқақтатып, мерейін үстем етер белгі екені баршаға аян. Әрбір ел өз Рәміздеріне қарап жігерленеді. Спорттық жарыстарда да бірінші орын алған мемлекеттің Туы биікте тұрады. Рәміздер ұлттық мағынасын білдірер нышан іспеттес. Міне енді мен де өз елімнің Рәміздеріне бала көзіммен қарап көрейін.
Молшылықтың белгісі болған алтын күн, ал оның астында жақсылық жаршысындай болып қыран қалықтайды. Оң жағында ертеден жеткен ескі көздей болған ою - өрнек салынған. Және осының бәрін тоғыстырған көк аспанның түсіндей көк түс менің Отанымның Туы болып табылады.
Тумен қатар қойылатын Рәміз - Елтаңба. Елтаңбада алыстан менмұндалап тұрған уықтарды бірінші байқайсыз. Бұл халықтардың достығын білдіреді. Ал ортада сол уықтарды біріктіретін қазақтың қара шаңырағы тұр. Ертеде атам қазақ‘‘шаңырағың биік, босағаң берік болсын’’деп бір - біріне ақ жарма тілектерін арнаған. Көшпелі тірлікте үнемі қолданылатын, қазақтың қаны мен жанына серік боп біткен жануар бар. Ол - жылқы. Елтаңбаның сол және оң жағында қанатты қос пырақ бедерленген.‘‘Ер қанаты - ат’’деген мақалды дана қазақ бекер айтпаған болар. Жақсылыққа жаны құмар қазақ халқы бата бергенде‘‘жұлдызың жансын’’деп тілеген. Елтаңбаның төбесінде жұлдыз жарқырап тұр. Және Елтаңбаның астында‘‘Қазақстан’’деген жазу жазылған.

Әнұранға келер болсақ, оның сөзінен бір өзіндік мағынаны таба алар едік. Қазақ деген қайсар халықтың қаншама қиындықтар болса да намысын бермегенін және даласы астыққа толы екенін бірінші шумақтан білеміз. Халқымызда еліне гүл болып егілетін, жыр болып төгілетін ұлтжанды азаматтардың көп екені жазылған. Елтаңбадағы уықтар мен шаңырақты Әнұранның екінші шумағы дәлелдей түседі.

Менің айтқым келгені Рәміздердің мәні мен мағынасы, олардың әрбір белгісінің нені білдіретінін және оны әрқайсымыз жүрегімізде сақтауға тиіс екенімізді айтқым келді. Рәміздердің құндылығын сақтай білу, ел үмітін ақтай біздің қасиетті борышымыз. Олай болса ұлттың ұлылығындай болған Рәміздерімізді қастерлей және құрметтей білейік.
Көк аспанда көк туым тұр желбіреген,
Елтаңбасы бар елдің күші бекем.
Әнұраным шырқап тұр аспанымда
Рәміздерді жүректе сақтап өтем.
Көк түсті туым желбіреп аспанымда,
Алтын күн алтын нұрын шашқанында.
Көненің көзі болған ою - өрнек
Қыран құс қанат қағып ұшқанында.
Елтаңба еліміздің белгісі еді,
Бұл да бір жасампаздық үлгісі еді.
Кешегі Таңбалы тастағыдай
Қазағымның белгілі үрдісі еді.
Жүректерден мөлдір, таза жыр тамсын,
Әнұраным мәңгі бақи шырқалсын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама