Tengrinews.kz / Алихан Сариев
- 23 сәу. 2026 15:31
- 32
Қазақстанда 7 және 9 мамыр қалай аталып өтеді: парад болмайды
Биыл Қазақстанда 7 және 9 мамыр күндері дәстүрлі әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Сенатта өткен брифингте мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мерекелік іс-шаралар
Асқар Мұстабековтің айтуынша, Қорғаныс министрлігі мерекелік іс-шараларға қаржы бөлмейді. Бұл шараларды жергілікті әкімдіктер ұйымдастырады.
«Биыл парад жоспарланбағанмен, 7-9 мамыр аралығында еліміздің әр қаласында, облыстарында және аудан орталықтарында бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Олар қатарында плац-концерттер, қару-жарақ пен әскери техниканың көрсетілімі, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін шақырып, сарбаздар тағамынан дәм татқызу үшін шатырлар тігу бар», - деді Мұстабеков.
Қорғаныс министрлігі 7 және 9 мамырға арналған барлық мерекелік шаралардың толық тізімін кейінірек ұсынатынын хабарлады.
Өткен жылғы парад
Былтыр Астанада Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери парад өткен болатын. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника және 66 ұшақ пен тікұшақ қатысқан еді.
-
Житель Западно-Казахстанской области добился возврата средств за годовой абонемент в фитнес-клуб, которым не воспользовался ни разу.