Photo: Alexander Mhlanga (https://www.pexels.com/@akselifox) / Pexels
- 04 мам. 2026 12:30
- 32
Қазақстанда автосақтандыру құны өзгереді
Қазақстанда міндетті автосақтандыру полисінің құнын есептеу тәртібі өзгереді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) дайындаған қаулы жобасы бойынша, «бонус-малус» жүйесі қайта қаралады. Бұл өзгерістер барлық көлік иелеріне әсер етеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүргізушілер үшін жаңашылдықтар
Жаңа ережелерде бұрынғы 15 сыныптық «бонус-малус» жүйесінен айыппұлдық екі сынып (М2 және М1) алынып тасталады. Ең төменгі сынып «М» болып қалады, оның коэффициенті 2,45-ке тең. Бұл өзгеріс ең тәртіпсіз жүргізушілер үшін сақтандыру сыйақысын 30%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Ал апатты жағдайларға келгенде, егер жүргізуші кінәсінен адам өліміне немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын жол ережесін бұзушылық болса, оған 20% үстемеақысы бар «М» сыныбы беріледі. Бұл жағдайда коэффициент 2,94-ке жетеді.
Скидкалар азаяды
Керісінше, безавариялық жүргізушілер үшін коэффициенттер өседі. Мысалы, ең жоғары 13-ші сынып бойынша коэффициент 0,50-ден 0,70-ке дейін ұлғайтылады. Бұл дегеніміз, 50% скидка 30%-ға дейін қысқарады.
0, 1, 2 және 3-ші сыныптар үшін коэффициенттер өзгеріссіз қалады: 2,30, 1,55, 1,40 және 1,00.
Сақтандырушылардың құқығы кеңейеді
Ең маңызды жаңалықтардың бірі – сақтандырушылар енді клиенттің тәуекелділігін өздері бағалай отырып, полис құнын 10%-ға дейін өзгерте алады. Бұған дейін барлық клиенттер үшін бірдей коэффициент қолданылған болатын. Енді сақтандыру компаниялары клиенттің жеке тәуекелдерін ескере отырып, полис бағасын 10%-ға дейін арзандата немесе қымбаттата алады. Бұл шешімдерді компанияның директорлар кеңесі бекітіп, әрбір клиент үшін бірыңғай базада тіркелуі тиіс.
Бұдан бөлек, аумақтық коэффициенттерге қатысты өзгерістер де қарастырылуда. Алайда, 17 облыс пен Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша коэффициенттер өзгеріссіз қалады. Бұл жоба миллиондаған қазақстандық жүргізушілердің мүддесіне қатысты болғандықтан, оның түпкілікті нұсқасы мен қабылдану мерзімі көпшілік талқылауының қорытындысына байланысты болады.