Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 53 минут бұрын)
Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл нөмірлер енгізіледі

Қазақстанда электромобильдерді анықтауды жеңілдету мақсатында арнайы жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер енгізілуі жоспарлануда. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Бұл өзгеріс арнайы тұрақтарда, зарядтау станцияларында және басқа да ерекше қолжетімді аймақтарда электромобильдерді тез арада ажыратуға мүмкіндік береді.

«Электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмірлердің фонын өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Әлемдік тәжірибеде бұл нөмірлер жасыл түспен боялады, сондықтан бұл мәселе қарастырылып, қолдауға ие болып отыр», - деді Әділов.

Депутат Арман Қалықов бұл бастаманы қолдап, қазіргі кездегі автоматты жүйелер мен камералардың электромобиль мен қарапайым көлікті ажырата алмайтынын атап өтті. Бұл жағдай экологиялық таза көлік иелеріне тұрақтарда және басқа да аймақтарға кіру кезінде қиындықтар тудырады.

«Техникалық құралдар электромобильді кәдімгі көліктен әрқашан ажырата алмайды. Бұл әсіресе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру кезінде байқалады. Сондай-ақ, жол полициясы қызметкерлерінің жұмысында да қиындықтар туындайды. Осы заң жобасы аясында біздің экология комитеті электр көліктеріне бөлек мемлекеттік нөмір түсін қолдануды ұсынды», - деді Қалықов.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Қазақстанда электромобильдерге тегін тұрақ құқығын беретін заң күшіне енген болатын. Қазіргі уақытта бұл үшін жүргізушілер растайтын құжаттарды көрсетуі керек, бірақ түсті нөмірлерді енгізу барлық рәсімдерді жеңілдетеді деп күтілуде.

Жаңалықтар

Жарнама