- 06 ақп. 2016 00:00
- 207
Қазақстанда үш тілді оқытудың стандарты қабылданады - А.Сəрінжіпов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде оқытудың бірыңғай тілдік стандартын қабылдау жоспарлануда. Бұл туралы бүгін 2015 жылдың қорытындысын жасаған Білім жəне ғылым министрлігінің алқа отырысында министр Аслан Сəрінжіпов мəлім етті.
Ағылшын тілін игеру - жаһандық ақпараттар мен инновацияның ағымына ілесу деген сөз. Елімізде əртүрлі салаларында халықаралық шарттар жасалуда. Бұл бағытта жастардың үш тілді еркін меңгеруі бəсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде оқытудың бірыңғай тілдік стандартын қабылдау жоспарлануда. Жаздық тіл мектептері іске қосылды. Мұғалімдер ағылшын тілі бойынша арнайы тілдік жəне қашықтықтан оқыту мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, ағылшын тілінде оқыту үшін педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс ұлғаяды», - деп мəлім етті министр.
А.Сəрінжіпов хабарлағандай, əлем бойынша үздік университеттердің QS WUR рейтингісіне Қазақстанның тоғыз университеті енген. Сондай-ақ, еліміздің 111 университеті кредиттерді ауыстырудың еуропалық жүйесі бойынша кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделін енгізген.