Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Танымал жазушылар жайлы беймәлім деректер

Танымал әдебиетшілердің өмірі жайлы, өшпес туындыларын қалай шығарғандығы жайлы көптеген мәлімет бар. Дегенмен, болмысы бөлек жазушылар өзгенің өміріне ұқсамайтын ерекше ғұмыр кешкен. Бәлкім сол өзгешелігінің арқасында өшпес туындыларды дүниеге әкелген болар?!

Чарльз Диккенс

Жанып тұрған шамның жанында әрдайым шыбын-шіркейлер үйіліп жүреді, бірақ бұған шам кінәлі ме?

Чарльз Диккенс

Чарльз Диккенс

— Диккенс гипнозбен әуестенген. 

— Диккенстің сүйікті сауығының бірі Париж бейтіне барып, беймәлім денелерді көрсету болған. 

— Чарльз Диккенс әрдайым басын солтүстікке қаратып жатқан. Сонымен бірге шығармаларын жазғанда бетін солтүстікке қаратып отырған.

Оскар Уайльд

Мен мәнсіз бірдеңелер айтқанды жақсы көремін — соны ғана жақсы меңгергенмін.

Оскар Уайльд

Оскар Уайльд

— Оскар Уайльд Диккенстің шығармаларын ешқашан байсалды қабылдамаған және әр себеппен мазақтап күлетін. Жалпы заманауи жазушылар Чарльз Диккенске ешқашан британияның үздік жазушыларының тізіміне кірмейсің деген. 

— 1878 жылы Оксфордты үздік бітіреді. 

— Өлер алдында Уайльд кейбір себептерге байланысты атын Себастьян Мельмот деп ауыстырған.

Эрнест Хемингуэй

Нағыз ержүрек адамдарға дуэльге шығудың қажеті жоқ, бірақ мұны көптеген қорқақ мінезділер өз ержүректілігіне сендіру үшін жасайды.

Эрнест Хемингуэй

Эрнест Хемингуэй

— Эрнест Хемингуэй пейрафобиямен (көпшіліктің алдында сөйлеуден қорқу) ауырған және оқырмандарының жылы лебіздері мен мақтау сөздеріне ешқашан сенбеген. Тіпті достарына да сенбеген. 

— Хемингуэй бес соғысты бастан кешкен, төрт көлік апатын және екі әуе апатына ұшыраған. 

— Хемингуэй оны ФТБ (FBI) бақылап жүргенін жиі айтатын. Әңгімелесушілері мұны жазушының қиялы деп ойлайтын, бірақ соңында бұл рас болып шықты – бұл жазушының паранойясы емес, жазушының соңынан нақты бақылау болғанын құпиясы ашылған құжаттар растаған.

Льюис Кэрролл

Бұл әлемде бәрі есінен адасқан.

Льюис Кэрролл

— Кэрролл жеке күнделігінде әрдайым қандайда бір күнәсына өкінетінін жазған. Дегенмен, жазушының бейнесіне кір келтірмеу үшін бұл беттерді жанұясы жыртып тастаған. Зерттеушілердің кейбірі "Джек-Потрошитель" дәл осы Кэрролл болған дегенді айтады. 

— Кэрролл су безгегімен, циститпен, құяңмен, қышымамен, фурункулезбен, артритпен плевритпен, ревматизммен, ұйқысыздықпен және тағы басқа көптеген аурулармен ауырған. Бұдан өзге, оның үздіксіз – және қатты – басы ауыратын болған. 

— Кэрролл үшдөңгелекті велосипед, аттар мен даталарды жаттауға арналған мнемоникалық жүйені және электрлік қаламды өзі ойлап тапқан.

Франц Кафка

Өтірік айтуға сылтау аз болғанда емес, өтірік аз айтқан уақытта өтірік аз айтылады.

Франц Кафка

Франц Кафка

— Клекр болып жұмыс істеген. Заманауи көрініс бойынша офисте отыратын қарапайым бейбақ қызметкер болған. 

— Франц Кафка қасапшының немересі болатын және өзі ет жемейтін. 

— Өмір бойы ол қоғам арасында елеусіз қалған бірнеше әңгімелерін ғана жариялаған. Өлер алдында ол өзінен өсиет алған Макс Бродқа қолжазбаларының көзін құртуды тапсырады. Бірақ Макс Брод хал үстіндегі адамның өтінішін орындамайды. Осылайша Франц Кафка өлгеннен соң атақты жазушыға айналады. 

— Қазіргі уақытта Кафка Праганың басты маскоттарының (атақты) бірі саналады.

Уильям Шекспир

Өзгенің күнәсін паш етуге асықпаңыз, өз күнәңізді санасаңыз, өзгенікіне жетпей қаласыз.

Уильям Шекспир

Уильям Шекспир

— Уильям Шекспирдің туылған күні мен өлген күні бір – 23 сәуір. 

— Замандастары Шекспирдің қаскөйлікке әуес болғанын айтады. Ол еш рұқсатсыз сэр Томас Люсидің иелігіндегі еліктерді аңдыған. 

— Шекспирдің құрметіне Меркурийдегі кратер аталған. 

— Сан жылдар бойы оның атымен шыққан шығармаларды нақты ол жазған ба, жоқ па деген пікірталастар айтылып келеді.

Лев Толстой

Кейбір адамдар есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан, арым таза деп ойлайды.

Лев Толстой

Лев Толстой

— Софья Берспен неке түнінің алдында 34 жасар Лев Толстой 18 жасар жаңа түскен әйеліне күнделігіндегі өзінің өзге әйелдермен, әсіресе крепостной шаруа әйелдерімен махаббат шытырмандары егжей-тегжейлі жазылған беттерін оқуға мәжбүрлеген. Толстой әйелі екеуі арасында ешқандай құпия болмағанын қалаған. 

— Лев Толстой романдарына сыни көзбен қараған, оның ішінде «Соғыс пен бейбітшілікке» де. 1871 жылы ол Фетке хат жібереді: «Бұдан былай «Соғыс» сияқты ұзын-сонар түкке тұрмайтын шығармаларды жазбайтыныма қуаныштымын».

— Лев Толстой ішкі кресттің орнына француз ағартушысы Ж.Ж.Руссоның суретін тағып алып жүретін болған.

Агата Кристи

Әңгімелер адамдарға ойлануға кедергі келтіру үшін ойлап табылған.

Агата Кристи

Агата Кристи

— Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ол әскери госпитальда медбике болып жұмыс істеген. Кейін дәріханада жұмыс істеген, себебі уларды жақсы айыра алған, және кітабындағы көптеген өлім осы у ішкеннен орын алған. 

— Агата Кристи дисграфиямен ауырған, яғни қолмен жаза алмайтын болған. Оның барлық танымал романдары айтып отыру бойынша жазылған. 

— Агата Кристидің танысы Браян Алдисс бірде оның әдістері жайлы айтып берген – «ол кітапты соңына тармағына дейін жазып шығатын да, кейін ең алмағайып күдіктіні таңдап, оны аяқтан шалу үшін бастапқы тармағындағы кейбір жерлерін өзгертетін болған».

Антон Чехов

Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес.

Антон Чехов

Антон Чехов

— Антон Чехов аса ыждаһаттықпен пошта маркаларын топтастырған. Ол өмір бойы оларды жинап өткен. 

— Антон Чехов композитор Чайковскимен дос болған және оған «Тұнжыраған адамдар» әңгімелер жинағын арнаған.

— 3-ші сыныпта ауызша әңгімелеуден нашар болғандықтан екінші жылға қалып қалған. 

— Чехов шығармаларын жазар алдында мерекелік киім киіп алатын болған.

Артур Конан Дойл

Тым нақты деректерге жетер жалған ештеңе жоқ.

Артур Конан Дойл

Артур Конан Дойл

— Шерлок Холмсты ойлап тапқан Артур Конан Дойл оккультист болған және кішкентай қанатты перизаттардың өмір сүретініне сенген. 

— Артур Конан Дойл Шерлок Холмс жайлы әңгімелерінде криминалистиканың сол кездері полицияға мәлім болмаған көптеген әдістерін сипаттайды. Олардың ішінде темекі тұқылдары мен күлін жинау, басу машинасын идентификациялау, оқиға орын алған жердегі іздерді лупа арқылы қарау. Кейін полиция қызметкерлері Холмстың осы және өзге де әдістерін пайдалана бастайды. 

— Артур Конан Дойл бірде Шерлок Холмс жайлы «бірде-бір сүйкімді қасиеті жоқ нашақор» дегені үшін Бернард Шоумен нашар қарым-қатынаста болған. 

— Артурдың қабір үстіндегі құлпытасында жесір әйелінің өтініші бойынша серілік ұран жазылған: Steel True, Blade Straight («Болаттай сенімді, дәл қылыштың жүзіндей»).


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама