- 04 сәу. 2019 00:00
- 231
Қазақстандық оқушы «Канагава» сыйлығының иегері атанды
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Даир Серік «Childrens Museum of Art» атты XX Халықаралық балалар суретінің конкурсында «Канагава сыйлығының» иегері атанды. Бұл жайында ақпарат аталған мектептің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.
Мектеп мәліметінше, Жапонияның Канагава префектурасында өткен онлайн байқауға Еуропа, Африка, Азия, Америка және Океания елдерінен 92 мемлекет қатысқан. Өнер сабағының мұғалімі Тілеш Намазбековтың жетекшілігімен Даир Серік қазылар алқасының мүшелеріне пейзаж жанрында орындалдалған «Менің туған өлкем - Жетісу» жұмысын ұсынған.
«Childrens Museum of Art» Халықаралық байқауының қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Даир Серіктін суреті 30 мың жұмыстың ішінен топ жарып «Канагава сыйлығымен» марапатталды.
Сонымен қатар, «Менің туған өлкем - Жетісу» пейзажы ең үздік шығармалар жинағына іріктеліп алынды.
Даир Серік Жапониядағы Халықаралық көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысуға шақыру алды», делінген таратылған ақпаратта.