- 24 қар. 2016 00:00
- 239
Қазақстандықтар бұрынғыша ағылшын тілінде нашар сөйлейді
Алматыда EF English Proficiency Index (EF EPI) - түрлі елдердегі ересек тұрғындардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын әлемдегі ірі рейтинг нәтижесі айтылды.
Бұл зерттеу жыл сайын халықаралық Education First (EF) мектебінде өткізіліп, 72 мемлекеттің 950 мың тұрғынын қамтиды. Жаһандық сауалнамаға Қазақстан да қатысты.
«Әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында ағылшын тілін меңгеру жұмысқа орналасудың мүмкіншіліктерін дамытатын әрі нығайтатын дәлелденген дағдылардың бірі болып табылады. Мемлекетті немесе компанияны болашақта ағылшын тілді кадрлармен толықтыру үшін көптеген күш-қайрат пен инвестиция қажет. EF EPI осы мәселелерді шешуге атсалысады және тіл білімін жетілдіруге көмектесетін білікті мамандарды жаһандық талқылауға шақырады», - деп атап өтті EF ғылыми зерттеу директоры Миин Н. Тран.
Көрсеткіштерге сүйенсек, EF Education First-те жарияланған EF ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тестіне сәйкес, голландықтар әлемде ана тілдері болмаса да, ағылшын тілін меңгеруден алдыңғы орында тұр; даниялықтар мен шведтер одан кейінгі орындарды иемденген. Ирак, Лаос, Ливия елдері рейтингтің соңғы жағында.
Қазақстан былтырғы көрсеткіштегідей, ағылшын тілін меңгеруден төменгі орынды алған (54-ші орын).
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша Еуропа көш бастап тұр, биылғы жылдың көрсеткішіне сәйкес, соның ішіндегі алғашқы бестікті солтүстікеуропалық мемлекеттер иемденген.
Ағыштын тілін меңгеру деңгейін ілгерілететін елдерге Франция, Катар және Сингапур кіреді; күрт құлдырау байқалған елдерге Ирак, Жапония және Перу жатады.
Малайзия мен Филиппин елдерімен қоса Сингапур да алғаш рет рейтингтің көш басынан орын алды.
Барлық елдердегі орташа көрсеткіш бойынша, ағылшын тілін 18-25 жас аралығындағы жастар жетік меңгерген.
Дереккөз: inform.kz