Минобороны РК
- 12 мам. 2026 08:00
- 28
Қазақстандық әскерилер халықаралық дзюдо стандарты бойынша жаттығады
Қазақстанның Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Астанада Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесті. Бұл туралы ҚазИнформ хабарлайды.
Кездесу нәтижесінде Қазақстан Қарулы Күштерінде дзюдоны дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындары мен колледждерінің оқу бағдарламаларына халықаралық дзюдо жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді көздейді.
Сонымен қатар, әскери қызметшілердің дене шынықтыру сабақтарына дзюдо элементтері қосылады. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше назар аударылады. Халықаралық дзюдо федерациясы мен «Жеңіс» клубының қолдауымен әскери білім беру ұйымдары татами, спорттық жабдықтармен және кимонолармен қамтамасыз етіледі.
Бұдан бөлек, курсанттар мен кадеттер арасында дзюдо лигаларын құру жоспарланууда. Мұндай бірлестіктер техникалық шеберлікті арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және бұл спортты насихаттауға ықпал етеді. Тараптар мұндай өзара іс-қимыл дзюдоны дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, спортшылардың жаңа биіктерге жетуге деген ынтасын арттыратынын атап өтті.