Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 42 минут бұрын)
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатының алғашқы күні екі алтынды қанжығалады

Вьетнамның Дананг қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Турнирдің бірінші күні қазақстандық балуандар грек-рим стилінде күресіп, екі алтын, үш күміс және бір қола медальді қоржынға салды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алтын медальді 60 келі салмақ дәрежесінде Айбек Айтбеков пен 97 келіде Ислам Евлоев иеленді.

Күміс жүлдегерлер қатарынан 72 келіде Ибраһим Нұрмұхаммед, 77 келіде Әлихан Дүрсінов және 130 келіде Жохар Узаров көрінді.

Ал 82 келі салмақта Кирилл Минько қола медальді қанжығалады.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Жаңалықтар

Жарнама