Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 51 минут бұрын)
Қазақстандық дуэль: Путинцева мен Рыбакина АҚШ турнирінде кездеседі

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 75-орында) АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде жеңіспен басталды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірінші айналымда Путинцева индонезиялық Джениче Ченмен (WTA рейтингінде 40-орында) кездесті. Матч қазақстандық теннисшінің пайдасына 3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Ойын екі сағат жеті минутқа созылды.

Қазақстандық дуэль

Осылайша, турнирдің екінші айналымында қазақстандықтар арасындағы тартыс болады. Юлия Путинцева әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинамен (WTA рейтингінде 2-орында) кездеседі.

Матч 21 наурыз күні таңертең Қазақстан уақыты бойынша өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина өзінің және қазақстандық теннис тарихында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама