instagram.com/kazgymfederation
- 22 нау. 2026 17:00
- 19
Қазақстандық гимнаст қыз Грекиядағы турнирде алтыннан алқа тақты
Қазақстандық көркем гимнастика командасының мүшесі Ақмарал Ерекешева Грекияның Афина қаласында өткен «Aphrodite Cup» турнирінің жеңімпазы атанды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алтын медальді қанжығалады
Ерекешева көпсайыс сайысында 109,700 балл жинап, алтын медальді иеленді. Екінші орынды румыниялық Андреа Вердес (104,250 балл), үшінші орынды болгариялық Дара Стоянова (103,450 балл) иеленді.
«Aphrodite Cup» турнирі
«Aphrodite Cup» – әлемнің түкпір-түкпірінен келген гимнаст қыздар бақ сынасатын халықаралық жарыс. Бұл турнир 2015 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Өткен жылы Ақмарал Ерекешева Болгарияның София қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстаннан алғашқы алтын медальді иеленген спортшы атанған болатын.