Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 32 минут бұрын)
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадада тарихи жетістікке жетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарында еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шайдоровтың бағдарламасы

Шайдоров мұз айдынына Димаш Құдайбергеннің «Confessa, The Diva Dance» композициясымен шықты. Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша ол 198.64 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалардың жалпы нәтижесі 291.58 ұпайды құрады.

Аралық есеп

Еске сала кетейік, қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров 92.94 ұпаймен аралық есепте бесінші орын алған болатын. Бұл кезеңде АҚШ спортшысы Илья Малинин (108.16 ұпай) көш бастады. Ал жүлделі үштікке жапониялық Юма Кагияма (103.07 ұпай) мен франциялық Адам Сяо Хим Фа (102.55 ұпай) енді. Төртінші орында италиялық Даниэль Грассль (93.46 ұпай) орналасты.

Жаңалықтар

Жарнама