tengrinews.kz
- 16 нау. 2026 09:00
- 26
Қазақстандықтар табыс шкаласын талқылап жатыр: кім кедей, кім миллионер?
Әлеуметтік желіде, әсіресе Threads платформасында Алматы қаласы бойынша "Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесінің шкаласы" деп аталатын кесте қызу талқыға түсті. Бұл кестеде табыс деңгейіне қарай адамдарды әртүрлі санаттарға – аз қамтылғандардан бастап мультимиллионерлерге дейін бөледі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кестеге сәйкес, айына 250 мың теңгеге дейін табыс табатындар "аз қамтылғандар" санатына жатқызылса, 250 мыңнан 450 мың теңгеге дейін алатындар "кедейлер" деп аталған. Ал 650 мыңнан 1 миллион теңге аралығындағы табыс "орта тап" деп белгіленген.
Одан жоғары, 5-тен 15 миллион теңгеге дейінгі табыс иелері "миллионерлер", ал 15-тен 100 миллион теңгеге дейін алатындар "мультимиллионерлер" деп сипатталған.
Ресми классификация бар ма?
Бұл жазба желіде тез тарап, қолданушылар арасында ресми түрде мұндай жіктеу бар-жоғы туралы пікірталас тудырды. Осыған байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолданды.
Ведомствоның мәліметінше, министрлік деңгейінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін (мысалы, "аз қамтылған", "кедей", "өтпелі класс" және т.б.) нақты табыс шектерімен ресми бекітілген шкала жоқ. Бұл Алматы қаласына да қатысты.
Әлеуметтік қолдау қалай анықталады?
Министрлік өкілдерінің айтуынша, азаматтардың мұқтаждығын бағалау және белгілі бір әлеуметтік қолдау түрлерін тағайындау үшін отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын анықтау әдістемесі қолданылады. Бұл әдістеме отбасының жағдайын кешенді бағалауды қамтиды. Есептеу кезінде тек табыс қана емес, сонымен қатар қарыздар, мүліктің болуы, балалар саны, денсаулық жағдайы және басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ескеріледі.
Демек, Қазақстанда азаматтарды тек табыс деңгейі бойынша қаржылық мәртебеге бөлудің бірыңғай ресми кестесі жоқ. Алайда, Ұлттық статистика бюросы тоқсан сайын халықты табысына қарай 10 тең топқа бөледі. Бірінші топ – ең төменгі табысы бар халықтың он пайызы, соңғы топ – ең жоғары табысы бар халықтың он пайызы.
-
Национальный банк Казахстана разъяснил порядок действий для граждан, ставших жертвами мошенников и чьи средства были заблокированы.