Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазір ашу емес, ақыл қажет

Шерханға хат

Құрметті Шерхан!

Сен бұл жолғы хатыңды («Егемен Қазақстан», 1-қазан, 1997 жыл) әдеттегіден де ашулана, ызалана жазған екенсің. Расында, айналаңды көріп отырып ызаланбауға да болмайды. Егер мен де «Караван» секілді қыжылмен, сен секілді ашумен айтатын болсам, талай дүниенің қараң болып жатқанын, шаруаның шатқаяқтап кеткенін нақты цифрлармен (цифрларды көп білесің дейсің ғой) дәлелдер келтіріп көрсетер едім. Мен осы реформа басталғаннан бергі 3-4 жыл ішінде қаншама дүниеден айырылғанымызды, дүниені қойшы, адамнан айырылғанымызды айтар едім. Сол сен жазғандай қаншама байлық аузымызға жетпей, мұртымыздан сорғалап кетті? Жоғалтқанымыздың бәрін айтсам, тәуелсіздік тегін келген жоқ, алғанға дейін болмаса да алғаннан кейін біраз құрбандық шектік қой. Өкіндіретіні осы! Бір кездегі 36 миллион қойдың 23 миллионы жоғалды, бір жылда алатын 36 миллион тонна астықтың да 23 миллион тоннасынан айырылып шықтық. Еліміздің негізгі екі байлығы осы емес пе еді? Мен саған соңғы бес жылда қазынаны қосу орнына сарқып, өнімді көбейту орнына құртып алып жатқанымызды айтар едім. Бірақ одан түсер пайда бар ма? Қиюы қашқан шаруаны ешкім ащы да, тәтті де сөзбен түзете алмайды.

Жақындағы Президент Жолдауында, Шерхан, біздің осы «Егемен Қазақстан» бетінде бір жарым жыл жарияланған хаттарымызда көтерілген мәселелердің бәрі де аталған. Ойларымыз дөп түскен. Сен «қойынды алдырып, қораңды енді-енді жабатын сияқтысың», — дейсің. Біз бұл жағдайды бұрын жазбай, айтпай жүрміз бе? Өтпелі кезен өткен жоқ. Ол әлі созылады. Алдырған «қойымыз» да аз емес. Бүгінгі елдің хал-жағдайын айтып Елбасы: «өндіріс қысқарып барады, жұмыссыздық пен қылмыс үрей туғызады, кедейлік пен қайыршылық өріс алуда», — деді ғой. Осыдан артық ашық та ащы айтуға бола ма? Біз әлі де 3-4 жыл дәл қазіргідей қаржы қыспағында боламыз деді. Демек халықтың халі әлі де ауырлай түседі.

Иә, бүгінге реалист, ал ертеңге оптимист, прагматик (екеуі бірін-бірі толықтырады) болып қарамаса, сабырмен ойланбаса, таза түңіліп, егіліп кетпейміз бе? Күрсініп күңірене бергеннен не пайда шығады? Белді бекем буып, нақты іске кіріссек қана біз қиыннан шыға аламыз. Реалист те, оптимист те осылай етеді.

Сен сынаған оптимизм де осы. Реформаның жаңа кезеңімен байланысты енді бар жұмыс, бар жауапкершілік жергілікті орындардың мойнына түседі (Орталықты ешкім ақтамайды) дегенімде, сен «жетістірген екенсің», — деп өкпелейсің. Не десең о де, өмір осыған әкелді. Өкімет көлемі барған сайын қысқарып жатыр, он бес министрі Қазақстанның қай пұшпағына жетеді? Сен макроэкономика мен микроэкономиканы айқын ажырата алмайтын сияқтысың. Сен, білгіш болсаң, мойнымызға батпандай ілінген бес миллиард долларды кімнің қалай қайтаратынын айта аласың ба? Біразға дейін (шамасы он жыл) біздің реформа өзің жазған «Потемкин деревняларын» жағалап жылжи береді...

Ал сен, Шерхан, өтпелі кезеңнен өтіп кеттік деп отырсың той. Біріншіден, бұл ауыспалы емес, шынында да өтпелі кезең, Сәкен Сейфуллин жазғандай, нағыз «тар жол, тайғақ кешудің» заманы. Адамзат тарихында бірінші рет социализмнен кері бұрылып, капитализмге, тіпті феодализмге өткізіп жатқан қатерлі кезең. Екіншіден, сен бұл кезең өтіп кетті дейсің, бірақ оның ар жаты белгісіз қалған. Біз сонда қайда келіп тірелдік, қайда келіп жеттік? Осыны сен бір ашып айтсаң.

Ал шынын айтсақ, қазіргі кезенді тек қана қара бұлт төндіріп, қараңғыға тірей бермей, бір уақыт ойланып, өксігімізді басып, жан-жағымызға қарайықшы. Бірнеше жыл бойы теңгенің тұғырында қозғалмай тұрғаны, мысалы, нан, қант, бензин үкіметтің айтуына қарағанда, биыл кей жерлерде аз да болса арзандаған. Бұл аса көп жарылқай қоймас, бірақ жүрекке үміт себетін қозғалыс.

Иә,Шерхан, бәрін айтуға, бәрін жазуға болады. Бір жатынан ойлайсың, осы біздің шаруаны біреу түзеп бермейді. Өзіміз бұздық, өзіміз түзетіп алуымыз керек. Бізді осы жолға итермелеген, зорлап апарған ешкім жоқ. Осы жолды, ауыр реформаны қалап алған өзіміз, байлықта, билік те қолымызда, ал шаруа болмай жатыр. Өз тізгінін өзі ұстаған тәуелсіз ел ешкімнің айтқанымен жүрмейді. Адасса да жолды өзі іздейді. Демек қателессек те, өзіміз кінәлі. Ә. Қажыгелдин туралы бәрі қазір жазып жатыр. Сен де ашынып жазыпсың. Кезінде оның қалай халық депутаты болып сайланғанын, не әрекеттер жасағанын онымен бір округтен түсіп, таласуға ақша қаржысы жетпей, өтпей қалған белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділов газетке суреттеп жазған. Оның жол-сыздықтары болса, заң орындары ашып-анықтар. Менің айтпағым, мынау қазір шаруаның мынадай қисық-қиралаң жүріп жатқаны, сол шаруаның басындағы адамдардың қабілетіне, біліміне, мінезіне бірден-бір байланысты. Соңғы үш жыл бойы реформаны тікелей жүзеге асырып, жүргізіп келген сол, сол басқарған үкімет емес пе еді. Сен менің мынау реформаны жүргізуде жаңа кезен басталды, ол макроэкономикадан (түгел ауыздықталды деп ешкім ешқашан айта алмайды) микроэкономикаға қарай ауыса бастайды деген пікірімді өзіңе түсініп, «Жергілікті орындардың қауқар-қуаты шамалы, давайдан басқа ештеңе келмейді», — дейсің. Мен оларды жақтайын, жарылқайын деп отырғам жоқ, мына экономикалық бұрылыс-өзгерістің логикасы осыған келіп тіреледі. Қарап-қаңырап тұрған мыңнан астам кәсіпорынның әрқайсысын көтерем қой секілді құлағынан «ұстап» бір-бірлеп тұрғызу сол жергілікті жердің ісі. Нарық сайып келгенде, өзін-өзі басқару деген сөз. Сен осының алдындағы хатыңды айдарын айғайлатып түгелдей жергілікті әкімдерге арнаған жоқ па едің? Енді неғып олардан жүрегін шайлығып қалды? Қалай десең де, Қазақстан секілді ұланғайыр елді бүгін Алматыдан, ертең Ақмоладан болсын, бір жерден басқара алмайсың. Рас, жергілікті орындарға орталық үкімет қолайлы жағдай жасауы тиіс. Қазіргідей түскен салықтың 70—80 пайызын оны жинаған адамдардың аузы-нан қағып алып, орталыққа бір қазанға тоғытпай, өздеріне де қажет қаржы қалдырған дұрыс. Ана бір жолы Атырау облысының әкімі Р. Шырдабаев жиналған салық, тапқан табыстың 80 пайызын Алматы алып жатыр деп жазды той. Егер реформа шынында да халықтың қамын көздеген болса, онда жердің қазынасына алан қаржы сол халыққа жақындап, астанадан ауылға қарай ауысуы, ойысуы қажет. Ең ауыры, Шерхан, анау күйзелген, қиналған адамдардың сенімі сөніп, үміті азайып бара жатыр. Маған бір мешіт имамының: «қажыған адамдар осында келіп садақа беріп, құрбандық шалып, Алладан қайырым күтеді, бірақ ешқайдан қайыр көрмеген байғұстар бізге тіл тигізіп кетеді», — деді. Жерден көре алмаған шапағатты көктен тілейді. Ғаріптер алдында өзімізді жазықты сезінеміз, — деп мұңайды ол.

Мен өткен хатымда «2005 жылдан ары қарай мамыражай заман басталады» деп емес, жағдай түзетіліп, жеңілдік болуға тиіс деп жазғам. Расында, Шерхан, мынау ауырлап, батпандап басып бара жатқан жағдай тағы 8-9 жылға созылатын болса, оның өзіне жұрт қалай шыдайды? Көп жылдар бойы Үкіметтің қиындыққа төзіңдер, сәл тана шыдаңдар, енді екі жылда, енді үш жылда бәрінен өтеміз, бәрі жақсы болады деген сөздеріне сеніп, үміт отын сөндірмей отырған халық осының езіне (7-8 жыл дегенге) көндіге қоя ма? Шыдамның да шегі бар емес пе? Ол тағы сегіз жылға жете ме? Мәселе осында ғой.

Ауылда қарбалас құбылыстар болып жатыр. Кеше тана совхоз, колхоздарды таратып, ыдыратып, жеке шаруашылықтарға бердік қой. Енді сол алған жерлері мен пай-үлестерін ұқсата, пайдалана алмай (қаржысы да, техникасы да жоқ байғұстар ол жерде не істей алады?) жүргендерді енді бар күш-қаражатты қолына ұстаған мықтылар өз айналасына жинап, жекеменшік «колхоздар» құрып жатыр. Сөйтіп, қазақ даласында жаңа байлар, помещиктер шыта бастады. Бір адам — қожа, қалғандары — жалдамалылар. Алған астықты, туған төлді бұрынғы қарыздарын өтеуге жұмсап, енді таты қарыз алуға кіріседі шаруа. Енді Президенттің Жолдауындағы Ауыл проблемаларын шешу міндетінен кейін оң өзгерістер болатынына үміттенемін.

Реформаның 1995-1996 жылдардағыдай жүрмегенін, айтарлықтай нәтиже бермегенін бәріміз де көріп отырмыз ғой. Өнеркәсіп орындарының тең жартысы қарап тұр. Өндіріс болса тұралаудан шыға алмай жатыр. Бір жылдың бюджетіне бас-аяғы 60 млрд. теңге түспеген, небір қалалар қаңырап бос қалды! Осыған ең алдымен үкімет орындары кінәлі. Салық жиналмайды. Өндіріс өнімі сатылмайды. Мысалы, мыс, глинозем, балқыманы өзіміз сатпаймыз, «жаңа иелері» сатады. Біздің қолымызда ештеңе қалмаған. Өзіміздің өнім шығаратын кәсіпорындарды салық салмағы басқан, бой жаздырмайды. Магазин-дүкендерде сатылған бағалы бұйымдардан түскен қаржы шетелдік қожаларының қалтасына түседі.

Демек Қажыгелдин мырзадан соңғы екі-үш жылдағы реформаның сәтсіздігі, ел экономикасын тұралатқаны, халық тұрмысын нашарлатқаны үшін жауап талап ету керек еді. Әйтеуір, ол отставкаға кетіп құтылды. Оған дейінгі Үкіметті басқарған, реформаны бастаған С. А. Терещенкодан да жауап талап етілуге тиіс. Анау шетелдердің үкімет кепілдігімен таратылған, енді қазір қайтара алмай отырған миллиардтаған несиенің бәрі дерлік соның қолымен үлестірілген емес пе еді?

Енді бүгін Үкімет, баяғыдан қаржыны қадақтап жинайтын, шөкімдеп жұмсайтын Қаржы министрлігі сол таратылған несиені қайтару мүмкін емес, өйткені ол кезде бұл мәселе заң жүзінде тиянақталмаған дейді. Ол неге солай болған, қыруар қарыз-қаржыны қайтарудың заңдық механизмі неге ойластырылмаған?

Сол уақытта заң саласын басқарған білгір де алғыр Н. Шәйкенов сонда неге әрекетсіз, бүгін неге сөзсіз қалады?

Қазір, Шерхан, Алматыда не көп, көрме көп. Сан алуан көрмелер, аймақ аралық, халықаралық көрмелер өсіп барады. Мен соның соңғы біреуін барып көрдім. Ол мұнай мен газға арналған екен. Біз қазір болашақта бір сүйеу, демеу болса, сол мұнай болар деп бар үмітімізді соған артып отырмыз ғой. Шынында, анау құрылысы енді басталғалы жатқан Каспий мен Қара теңіз арасында тартылатын мұнай құбырынан кейін біз 40 жыл ішінде 8,5 миллиард доллардан аса пайда көреді екенбіз. Бұл Кувейт емес, бірақ бір жолға аз да емес. Оған қоса екінші бір ғасыр жобасы Батыс Қазақстаннан Батыс Қытайға дейін тартылады. Мұнай құбырынан да біраз нәпақа аламыз ғой. Иә, солай, көңілге демеу. Бірақ мұның бері қазір емес, таты да сол 7-8 жылдан кейін болатын байлықтар. Отан дейін ше?

Сонымен Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы аталып өтті. Пай демейікші, пай десек үлкен істің мән-мағынасын жеңілдетіп аламыз. Ұлы тұлғаларға құрмет көрсету жалғаса берсін. Бұрын өтініш жазып, жоспарымызды айтып әрең сұрап алатын едік. Енді ЮНЕСКО келер жылы бүкіл түркі шығысының атақты ордасы Түркістанның 1500 жылдығын, ал арғы жылы ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығын атап өтуді өз жоспарына кіргізіп отыр. Ол бастаса, біздің қостамайтын неміз бар?

Сөз соңында, бір айтарым бар. Мен жаңағы айтқан көрмеден, Шерхан, қуанып емес, абыржып кайттым. Оның Алматыда өтті дегені болмаса, ешқандай Қазақстанның белгісі жоқ. Қазақша бір ауыз сөз жоқ, бір жол жазба көрінбейді. Шетелдік қожайындардың қабағына қарап, құрақ ұшып кызмет етіп жүрген қыздарымыз бен жігіттерімізді көріп аяп кеттім. Осы біз келімсек байлық иелерінің қызметшілері, малайлары болып кетпейміз бедеген қатерлі ой келді. Сабақтас ыдыстардың заңдылығы сияқты шетелдіктер байыған сайын жергіліктілер кедейлене береді, тәуелді бола түседі. Тәуелсіз елдің иесіміз деп кеуде соғып жүргенде байлығымызды сапырып алып жатқан алпауыттар, шетелдіктер үңгіп-үңгіп ішімізге кеулеп кіріп барады. Анау өзімізбен бірлесіп, біздің адамдар араласып салынатын Каспий — Қара теңіз немесе Қазақстан — Қытай мұнай кұбырларының жөні дұрыс. Ал енді шетелдік компанияларға басыбайлы сатып жіберген кәсіпорындарға біздің иелігіміз бола ма? Бұрынғы аталып жүрген алыптардың салық төлеуден тайсақтайтынын мен өткен жолы жазғам. Енді, міне, британ «Витол» мұнай компаниясының бір миллиард теңгедей салық төлемегені белгілі болды. Әлі қаншасы белгісіз?

Ең тиімді, өтімді орындарымызды сатып жатырмыз. Экономика үшін ғана емес, еліміздің қауіпсіздігі үшін маңызы бар әуежай, темір жол, электр жүйелері сияқты ерекше дүниелер бөгде қолға беріліп жатыр. Қалай десек те, өмір ағымы солай кетіп барады. Шынында да, бізді шетелдіктер жарылқай ма, Шерхан? Жақында ғана Президент жоқ кезде газ кұбырларын сатып жіберіпті. Соның бәрін Қалмырзаев өз еркімен өзі істеп отыр ма, әлде оны зорлап көндіріп отырған біреу бар ма? Өркениетті елдерде осындай салалардың тағдырын Парламенттің қарауынан кейін ғана шешеді екен. Бүкілхалықтық талқылауға да салады екен. Мәселе сату-сатпауда ғана емес, сол дүние қандай шартпен, кімге, неге сатылып отырғанын да жұрт білуі тиіс қой. Алматының ең әдемі, ен қызғылықты орындары енді біздікі емес дегенге қалай сене де көне аларсың. Қаржыны олар шығарады, қызығын біз көреміз деген мысық дәмелі, құлығымыз бола қояр ма екен. Олар қожайын, біз қонақ болып жүрмейміз бе ертең өз елімізде. Біздің өнеркәсіптің 80 пайызы шетелдіктердің иелігінде деген дерекке сенгім келмейді...

Солай, Шерхан дос!

Сәлеммен, Камал СМАЙЫЛОВ


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама