Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 14 ақп. 2026 00:00
- 23
"Қазіргі келіншегім үлкен баламнан 4 жас үлкен": Белгілі актер жеке өмірі жайлы ел естімеген шындықты айтты
Белгілі актер, әзілкеш Нұркен Иманқұлов өзінің жеке өмірі туралы бұрын-соңды айтылмаған қызықты жайттарды бөлісті. Актер YouTube желісіндегі Shatcast бағдарламасында қонақта болып, отбасы жайлы жан-жақты сұхбат берді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отбасылық жағдай туралы
Нұркен Иманқұлов қазіргі келіншегінің балаларымен қарым-қатынасына ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, қазіргі әйелі үлкен ұлынан 4 жас үлкен. Ал үлкен ұлы болса, әйелінен 4 жас кіші.
"Қазіргі келіншегіме рақмет. 2 баламмен қалай араласады... Менің қазіргі келіншегім балаларымнан 4 жасқа үлкен. Үлкен балам келіншегімнен 4 жас кіші. Үлкен ұлым қазіргі келіншегімді "жеңеше" деп айтады. Күшті араласады, бірге ойындар ойнайды. Осылай керемет екен", – деді актер.