Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ҚазҰУ - білімді жастар ордасы

ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің өркендеген кезеңі. Заман ағымына сай технологиялар жаңарып, талап өзгерді. Дегенмен, қоғамдағы ең бірінші қажеттілік сауаттылық пен білім өз мәртебесін жойған емес. Қазіргі қоғам қажеттілігін қамтамасыз ететін салалар мен білім ордалары бой көтерді. Мемлекет тарапынан әртүрлі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылды.  Тегін білім алуға жағдайлар жасалып,  жастардың білім алып, дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды. Сапалы білім, саналы ұрпақ жарқын болашақтың кепілі екендігі үнемі ескерілді.  Осы жолда ғасырға жуық қызмет етіп келе жатқан білім ордасының ең үздігі Әль-Фараби атындағы Ұлттық Университеті. Әлемдік аренада көш бастау, елімізге еңбегі сіңетін тәрбиелі әрі білікті, кәсіби мамандарды даярлауды басты мақсат еткен білім ордасының орны ерекше.  

Қазірде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстандағы   жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны.  2001 жылы 5 шілде күні Елбасы Жарлығымен елімізде ең алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Ұлттық Университет” мәртебесіне ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінің көшбасшысы, ел тарихындағы тұңғыш Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі үшін және әлемнің ең ірі сертификаттау орталықтары – IQNET халықаралық сертификаттау жүйесінен сертификаттар алды.  2020 жылғы ҚазҰУ QS World University Rankings университеттерінің халықаралық рейтингінде әлемнің 800 үздік университетінің арасында 165-ші орынға ие болды, 2018 жылы еліміздің бірінші университеті қамтамасыз ету жағынан білім беру қызметтері, ғылыми-инновациялық қызмет, академиялық беделі нәтижесінде  QS STARS - 4 STARS халықаралық үздік  белгісімен марапатталды.  

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ сан алуан мамандықтар ұсынатын тұтас оқу -ғылыми кешен. Қазірде  құрамында 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталығы енген бұл ордада сан мыңдаған студент білім алуда.  Әр факультет қоғамға қажетті салада маман дайындауда. Соның бірі, «Қаржы және Есеп» кафедрасы жаңашыл мамандықтарға негізделген.  Еліміздің экономикасын зерттеп, дамуға бағытталған бұл салалармен біздің болашағымыз тығыз байланысты. Факультет әрбір студентке ғылыми зерттеу бағдарламасына толық қатысуға және осында табысқа жету ықтималдығын арттыруға мүмкіндік беретін қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді.  

Кәсіби мамандар, білікті оқытушылар құрамы мен танымал профессорлар дәріс береді. Оқытушылар әрбір студенттің қабілетін зерттеп, соған сай білім беріп, жаңаша қырларын танытуға қадамдар жасайды. Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізіуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланып, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыруға үйретеді.  

Тарихы таусылмас, білім шырағын сөндірмеген білім ордасының тұғыры биік.    

Жас мұраты,  білім, тәлім — талабы. . .
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы, -деп жырлаған   Ілияс Жансүгіровтің бұл нақыл сөзі бүгінгі күннің бейнесін суреттейтіндей.              Қарапайым тұлға, кәсіби маман, жарқын болашақтың негізі, еліміздің ертеңі біздің алып жатқан біліммен тікелей байланыста екендігін үнемі бойға сіңіріп, біліммен қатар өмірлік тәрбие беріп, әрбір студенттің дамуына ҚазҰУ ерекше үлес қосуда.

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ- талантты жастар мен дарындылардың мекені. Тәуелсіз елдің тірегі- білімді жастар . Осы мақсатты негіз етіп, ұранына айналдырған ең алғашқы білім ордасы Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің алар асуы, бағындырар белестері әлі алда. Білім мен ғылымның қара шаңырағына айналған бұл ордада еліміздің өркендеуіне үлес қосатын білікті маман, білімді тұлғалардың көп болатынына сенімдімін.

Сарсенова Сая Саятқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ                        
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі                      
"Есеп және аудит" мамандығының 4-курс студенті
Жетекші: аға оқытушы Арыстамбаева А. З.  


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама