- 19 сәу. 2020 00:00
- 211
ҚазҰУ- еліміздің жоғарғы оқу орындарының көшбасшысы
Қазіргідей білімнің қадірі барынша артқан, ақпаратты технологиялар заманында елімізде жоғары білім берумен айналысатын мекемелер аз емес – бұл, әрине заңды құбылыс. Алайда сол толып жатқан оқу орындарының бәрі бірдей заман, қоғам талабына толық жауап береді деп айту қиын.
Жоғарғы оқу орындарының ішіндегі шоқтығы биік, дара университет – үстіміздегі жылы 85-жылдық мерейтойын атап өткен, көнекөз университет – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылады. Бұл университет өзінің ұзақ ғұмырында қалыптасқан байыпты да байсалды тәжірибесімен ерекшеленетін дәстүршіл оқу орны ғана емес, сондай-ақ замана талабына дер кезінде жауап беруші, білім берудің жаңа технологияларын бірінші болып игеруші, жаңашыл университет те. Бұл бағытта университетте соңғы жылдары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асыруда көп жұмыстар атқарылуда.
Қазақстандық университеттердің ішінде алғаш рет – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі 800 ең үздік университеттер арасында 207 орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде көтерілді. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ).
1934 жыды ірге тасы қаланған заң факультеті көптеген жаңару мен өзгерістерді басынан өткерді. Қазіргі таңда заң факультетінде құқықтану және кеден ісі мамандықтары бойынша мамандарды дайындайды. Студенттерді даярлау үдерісі орта білім және жоғары білім негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар заң факультетінің студенттері магистратура және PhD докторантурасына түсуге мүмкіндіктері бар.
Бүгінгі таңда заң факультетінің ең күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жақсы ғылыми әлеуеті бар. Факультетте бір ҚР ҰҒА академигі, 30 докторлар мен профессорлар, 80-нен аса ғылым кандидаттары, доценттер, сонымен қатар ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президерті Әкімшілікгі, ҚР Жоғары Соты, Құқық қорғау органдары мен ғылым Академиясынан жоғары тәжірибелі мамандар жұмыс жасауда. Олардың басым көпшілігі шет тілдерін меңгерген, АҚШ, Еуропа, Туркия және өзге де мемлекеттерде тағылымдамадан өтіп келген.
Заң факультеті мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері бойынша республикалық және халықаралық конференциялардың, сондай-ақ Қазақстан студенттері арасында жыл сайынғы республикалық құқықтық олимпиаданың тұрақты ұйымдастырушы болып табылады. Факультет құрамында ғылыми және оқу әдебиеттінің бай қоры, соның ішінде мұрағат материалдары бар көне кітапхан бар. Студенттер арнайы мамандырылған, сонымен қатар магистранттар мен докторанттарға арналған оқу залдарында сабақтарына дайындалады, қазіргі заман талабына сай компьютерлік техникамен жабдықталған компьютерлік сыныптар, «Интернет Залдары» бар.
Заң факультетінде Қазақстан СОРОС қорының қолдауымен Студенттік заң клиникасы ашылды және үздік студенттер халыққа заң кеңесін беру арқылы табысты жұмыс жасауда. Заң факультетінде- студенттік өмір қызықты әрі мазмұнды. Әрдайым спорттық жарыстар және конкурстар ұйымдастырылып тұрады.
Заң факультеті түлектерінің арасында ҚР сот және құқық қорғау органдары, прокуратура органдары, ІІМ, қаржы полициясы, ҚР Әділет министрлігі басқармаларының басшылары аз емес. Біздің түлектер ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттерін жұмысқа белсенді қабылдайды.
Бекназарова Баян Мараталиқызы Заң ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы