Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Түлектің заманауи моделін даярлаудағы серіктестік

Мухтaрoвa Aйгeрим Мурaтқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курc мaгиcтрaнты

Ғылыми жeтeкшici: Төлeбaeв Тұрғaнжaн Әбeуұлы т.ғ.д., прoфeccoр

Студенттер мен түлектердің жұмысқа орналасуы мен мансаптық өсуі аясындағы жоғары оқу орны мен ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің ынтымақтастығы жас мамандарға берілетін үлкен мүмкіндік. Жоғары оқу орнының жұмыс берушілермен ынтымақтастығы, түлектерді сапалы дайындаудың шарты болып табылады. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві бірнеше жыл бойы Қазақ Ұлттық Университетімен тығыз ынтымақтастық жүргізуде. Бүгінде ҚазҰУ түлектері архив қызметкерлерінің едәуір бөлігін құрайды және архив жұмыс беруші ретінде сапалы жас мамандарды дайындауға ат салысуда.

2018 жылдың қазан айында ҚазҰУ ректорымен кездесу барысында ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов Мемлекеттік бағдарламалардың басым бағыттарына сәйкес кадрларды даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру және бірлескен білім беру жобаларын өткізу мәселелерін көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша дуальды білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Дуальді оқыту жүйесі кәсіби кадрларды даярлаудың ең тиімді нысандарының бірі болып табылады, ол білім алушылардың кәсіптік білім беруге кәсіпорындардың тікелей қатысуын көздейді. Бұл ретте ҚР Президентінің Архиві ҚазҰУ-дың архив ісі және құжаттану мамандарын даярлау ісінде бас серіктесі болып табылады.

Архив базасында «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету», «Тарих» мамандықтары бойынша студенттер үшін практикалық сабақтар өткізу, студенттерге өз білімін тексеруге және практикалық дағдыларды алуға ғана емес, сонымен қатар кәсіби ортамен танысуға мүмкіндік береді. Архивтің ҚазҰУ-мен ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. ҚР Президентінің архиві жыл сайын мұрағаттанудың әртүрлі мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізеді, оған ҚазҰУ оқытушылары, студенттері мен магистранттары белсенді қатысады.

Жыл сайын студенттер өндірістік процестерге толық кірісуі үшін студенттік практиканы ұйымдастыру үдерісі жетілдірілуде: әлеуметтік-құқықтық сұраныстар үшін қажетті ақпаратты іздеуден бастап архив құжаттарын цифрлауға дейін.

2016 жылдан бастап ҚР Президентінің Архиві әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында Олимпиада өткізіледі. 2017 жылдан бастап ҚазҰУ және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен бірлесіп ТМД елдерінің жас архившілернің жазғы мектебі өткізіледі. Жоба жас мамандар арасында өте танымал болды. Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан архив мекемелерінің 300-ден астам жас қызметкерлері 2017, 2018 және 2019 жж. жазғы мектептің тыңдаушылары болды. Дәріскерлер болып Польша, Қазақстан, Ресей және АҚШ-тан  белгілі архившілер шақырылды.

Жазғы мектеп тек жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа аймақтарындағы және шетелдердегі әріптестерімен танысуға, тәжірибе алмасуға, ортақ мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

2019 жылы  ҚР Президентінің Архивінде ҚазҰУ-дың мұрағат ісі және құжаттану бойынша өндірістік кафедрасы ашылды.

2020 жылдың 27 қаңтарында ҚР Президентінің Архивінде әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 50-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы аясында «Түлектің заманауи моделі» атты дөңгелек үстел өтті.

Болашақ кадрлардың білімінің жан-жақты болуымен ерекшеленетін уақыт талабына сай оқыту бағытында бірлескен ынтымақтастық пен әлеуметтік маңызды жұмысты дамыту-бұл серіктестіктің негізгі мақсаты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама