- 12 нау. 2020 00:00
- 202
Қылышбай мен өзбектер
Қылышбай бірде базарлап қайтпақшы болып Әулиеатаға барады. Мұны көрген өзбектер гәпіріштеп отырып, әзіл-қалжың ойлап, палауға шақырады. Осы кезде базардағы игі жақсылар тұс-тұстан келіп, жинала бастайды. Өзбектердің салты бойынша «алың, келің» деп Қылышбайдың алдына бір табақ палау қояды. Ол баяғы бабымен палауды алып, сұқ саусағын шошайтып асқа салмай отырады.
— Қылышеке, ана саусағыңызға не болған? — дейді палаудан бас алмай отырған өзбектің бірі.
— О, несін айтасың, оған бір нәрсе тиіп кеткендей болып еді, жиіркеніп отырмын, ө, — дейді.
Өзбектер дереу қолдарын табақтан ала қояды. Қылышекең палауға әбден тойып алып, жайланып отыра бергенде, өзбек- тер алдын ала дайындаған түйелерін ары-бері алдынан жүргізеді. Түйенің бірі бақырып, аузынан жынын шашып алдынан өткенде, өзбектің бірі қуақыланып:
— Қылышеке, ана түйе не деп барады? — дейді. Азулы ақын ойланбастан:
— Е, ол ма, ол:
«Жалаңаш етіме сабан арттың,
Басымды атпен тарттың,
Қазақ болса қадірімді білер еді-ау,
Тап әкеңнің ұрайын сендей сарттың» деп бара жатыр түйелерің, — деген екен.
«Құртты, кұртты» деп өзбектер орындарынан тұрып, бір ауыз сөзге келмей тарап кетіпті.