- 08 жел. 2019 00:00
- 185
Қырынған соң...
Қырыну — тері үшін үлкен стресс. Қырыну теріні күн сайын зақымдайды, табиғи қорғаныс тосқауылын бұзады. Тері тозуының алдын алу үшін мына кеңестерді пайдаланып көріңіздер.
— Терінің қабаруына қарсы алоэ ең жақсы табиғи құрал деп есептеледі. Бір жапырағын жұлып алып, сөлін бірден жағыңыз. Оның орнына — алоэның 100 пайыздық гелі бәрінен жақсы.
— Авакадо дейтін тропикалық жеміс бар. Тітіркенген теріге соның бір тілімін жабыстырсаңыз жетіп жатыр.
— Қияр терінің әртүрлі сырқатына қарсы әбден сыннан өткен амал. Оның бір кесімін тітіркенген теріге басады.
— Қиярдың қабығын алып тастап, оны езгілеп, теріге жағуға болады. Оған авакадоның езілген жұмсағын қоссаңыз бәрінен жақсы.
— Тітіркенген теріге календула қосылған май жағыңыз. Осы өсімдіктің гүлінен алынған экстракт терінің әр түрлі зақымдалуына қарсы қолданылады.
— Ұстарамен қырынатын болсаңыз оның жүзін төрт реттен артық қолданбаңыз. Оның жүзі мұқалып қалса, ұстараны теріге қаттырақ батыруға тура келеді де, ол одан әрман тітіркендіреді. Бір рет қырынуға арналған станоктарды үш рет қырынған соң шаруасы біткен зат ретінде лақтырып жіберіңіз.
— Станок пен электр қырынғышын кезек-кезек пайдаланыңыз. Бір айда біреуімен, екінші айда екіншісімен қырыныңыз.
— Сіз станокты ұстарамен қырынсаңыз теріңізді, шашыңызды суға жақсылап жұмсартыңыз.
— Қырыну үшін жақсы крем пайдаланыңыз.
— Қырынып болғаннан кейін лосьон пайдаланбаңыз.
— Шылым тартуды тастау керек.
— Сондай-ақ алкогольден де бас тарту керек: ол ағзаның тез тозуына, беттің солғындауына соқтырады.
Оқуға кеңес береміз:
Шынтақтағы тері неге құрғақтанады және бұлай болмауы үшін не істеу керек
Терінің қартаюын баяулататын коллаген қосылған 10 өнім
Экзема