Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Тақырыбы: «Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі!»
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық
Мейірім шоғын салайық.
Жиналған осы шуақты,
Достарыма шашайық.
Мұғалім:
Шанамен сырғып желетін
Шаңғы коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Қыс мезгілі.
Мұғалім: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?
- Қазір қай ай?
- Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесіңдер?
- Қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Мұғалім: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.
Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы - жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді.
Мұғалім:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
- Гүлдерге су құю жаман ба?
- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?
- Үлкенге көмектесу жақсы ма?
- Құстарға ұя жасау жаман ба?
Мұғалім: Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар. Бүгінгі сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.
Құстар екі топқа бөлінеді: жабайы құстар және үй құстары.
Жабайы құстар: сауысқан, жапалақ, қарлығаш, қызғыш құс, сарғалдақ, қарға, аққу, бұлбұл, дегелек, қоқиқаз, қырғауыл, тоқылдақ т. б.
Үй құстары: тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Дұрыс айтасыңдар үй құстарының пайдасы өте көп. Олардың етін жейміз, жүнінен
көрпе, көпшік жасалады.
Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады.
- Қыстайтын қандай құстарды білеміз?
- Сауысқан, торғай, көгершін, қарға.
- Дұрыс айтасыңдар, бұлар суықтан қорықпайды, қыста өз қоректерін тауып жейді. Оларға жем шашып, ұя жасап қамқор жасау керек. Біздің мектебіміздің ауласында да құстарға ұя жасап қойған.
Ойын: «Құстар қалай дыбыстайды?»
Сергіту сәті: 1, 2, 3, 4 қарлығаш боп ұш,
5, 6, 7 қарлығаш боп шалқы,
8, 9, 10 қарлығаш боп қон.
Оқулықпен жұмыс: 36 - 37 бер. Құстар қалай қыстайды? (ертегі) оқу
Қорытынды: сұрақ – жауап
Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
Қыстап қалатын құстарды ата
Оларға сендер қандай көмек беретін едіңдер?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама