- 05 нау. 2024 02:26
- 204
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Ересектер «Ботақан» тобына арналған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Экология негіздері.
Тақырыбы: «Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі».
Мақсаты:
1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
3. Табиғатты аялауға баулу.
Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік. Бәрі қосылып айтады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
1. Қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді.
Т. Молдағалиевтің қыс туралы өлеңі оқылады.
2. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқу арқылы құстардың қысқы тіршілігімен таныстырады. Құстардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың тіршілігімен таныстырады.
Құстардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың тіршілігі жөнінде түсінік беру.
Қыс мезгіліндегі құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат беріледі.
3. Сергіту жаттығуын орындату.
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
4.«Құстар» дидактикалық ойын.
Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Жыл құстары және отырықшы құстар.
Тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.
Балалар сурет бойынша қыс мезгілі туралы әңгімелейді. Құстарға өздері қалай көмек көрсеткендері туралы айтады.
Өлең мазмұнына байланысты қимылдар жасайды.
Сурет бойынша жыл құстары мен отырықшы құстардың аттарын атайды. Оларды екі топқа топтап айтады.
Рефлексиялық – түзетушілік Сабақты қорытындылау.
Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады?
2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле.
3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді? Сұрақтарға жауап береді, бір - бірінің сұрақтарын толықтырып айтады.
Күтілетін нәтиже: Құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.
Біледі: Қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.
Игереді: Жыл құстары мен ұшып кететін құстардың айырмашылығын түсіну.
Меңгереді: Тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету