Қытай Халық Республикасы
Қытай Халық Республикасы
(11 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қытай елі бойынша алған білімдерін тиянақтап, тақырып мазмұнын толық меңгерту.
Тәрбиелік: Өздігінен белсенді іс - әрекет жасауға баулу. Халықтар арасындағы достықты құрметтей білуге үйрету, кәсіптік бағдар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: баспасөз – конференция.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: оқытудың компьютерлік технологиясы, интерактивті тақтамен жұмыс, жартылай ізденіс тәсілі, сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау, эвристикалық тұжырымдау, тірек – сызбаларды пайдалану, қытай би өнерінен көрініс, мұғалімдермен пікірталасқа түсу, т. б.
Пәнаралық байланыс: тарихпен, информатикамен, әдебиетпен, экономикамен.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, Қытайдың жеке карта – сызбасы, 10 сыныпқа арналған атлас, жоспар – сызба, тірек – сызбалар (экспорты мен импорты), жеке суреттер мен қосымша әдебиеттер, ұлттық киімі мен тауарлары, ұлттық тағамдары (күріш, көк шай ), таяқшалар.
Техникалық құралдар: Компьютер, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру, мақсат қою.
2. Білімді шығармашылықпен дамыту.
3. Баспасөз – конференцияның шешімі.
4.“Венн жүйесі”.
5. Қорытынды.
Қайталау жоспары: Қытай
1. Құрамы және ЭГЖ.
2. Қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы.
3. Табиғаты және табиғат ресурстары.
4. Қытайдың халқы.
5. Халықтың тұрмысы мен мәдениеті.
6. Шаруашылығының жалпы сипаты.
7. Өнеркәсібі.
8. Ауыл шаруашылығы.
9. Көлік географиясы.
10. Ерекше экономикалық аудандар ( ЕЭА ).
11. Сыртқы сауда.
12. Туризм.
Сабақтың жүрісі.
Сабақта оқушылар 2 топқа бөлінеді.
1 топ: тілші – журналистер;
2 топ: Қытайдан келген мамандар. Олар: Премьер - министр, этно - демограф, мәдениет министрі, экономист, агроном - ғалым, көлік торабының басшысы, саясаткер.
І. Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
Бастаушы жүргізуші – журналист: Құрметті қонақтар, ұстаздар, қош келдіңіздер, ендеше конференциямызды бастаймыз.
1. Сөз Қытайдың премьер - министріне беріледі. Ол Қытайдың құрамы және ЭГЖ туралы баяндайды.
Сұрақ: Қытайдың құрылған жылы?
Сұрақ: Қандай табиғат ресурстарына бай?
Сұрақ: Қытай мен Қазақстанның сауда экономикалық байланыстарына тоқталсаңыз?
2. Этно - демограф: Халқы, ұлттық құрамы туралы әңгімелеу.
Сұрақ: Қытайда жалғыз бала болуы тиіс дегенді қалай түсіндіреміз?
Сұрақ: Қытай жазуы туралы не айтасыз?
Сұрақ: Қала өмірі туралы айтып беріңіз?
3. Мәдениет министрі: Мәдениеті, ұлттық ерекшеліктері.
Сұрақ: Қытай медицинасының қандай ерекшеліктері бар?
Сұрақ: Қытайлықтар жаңа жылды қалай қарсы алады?
Сұрақ: Сізден қытай биін билеп беруіңізді сұраймыз.
Осы жерде тілші - журналист өзінің Қытайға барған бір сапарында көрген әсері
туралы әңгімелейді ( Қытай асханасы ).
4. Экономист: Шаруашылығы ( өнеркәсібі ).
Сұрақ: Қытайдың экспорты мен импорты қандай өнімдерге негізделген?
Қытайдың экспорты мен импорты.
Экспорт: Мұнай, көмір, бидай, шәй, балық, тоқыма, жібек, вольфрам рудасы.
Импорт: Машиналар және жабдықтар, күрделі есептеуіш техника.
Сауда серіктестері: Жапония, Пәкстан, АҚШ, Қазақстан.
ЖІӨ жан басына шаққанда: 7364 АҚШ $.
5. Агроном - ғалым: Ауыл шаруашылығы.
Сұрақ: Қытай қандай мал өсіруден 1 - ші орында?
Сұрақ: Қытайдағы жер өңдеу туралы не айтасыз?
6. Көлік торабының басшысы: Көлік және байланыс туралы айтады.
Сұрақ: Қытай мен Қазақстан арасындағы байланысатын қандай көлік түрлері бар?
7. Саясаткер: Ішкі айырмашылықтары.
Сұрақ: Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара мәселесі қалай шешілді?
II. Мұғалімнің қорытынды сөзі айтылды ( Қытай елі бойынша ).
III. Пікірлесе отырып, баспасөз – конференция соңында шешім қабылданды:
1. Қытай мен Қазақстан арасындағы достықты нығайту және халықтарды бір - бірімен таныстыру мақсатында, осындай баспасөз – конференцияны Қытай жерінде өткізу.
2. Ел экономикасының даму жолдарының кейбір жаңа озық технологияларын
Қазақстан экономикасын дамытуда қолдану.
3. Қытаймен сыртқы экономикалық байланысты күшейту үшін біріккен
кәсіпорындар салу.
4. Білім, ғылым және мамандар даярлауда тәжірибе алмасып отыру.
5. Қазақстан жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болу үшін де көршілес Қытайдан
үйренетін тәжірибелер баршылық...
6. Көршілес және басқа елдерді оқи отырып, біз өз Отанымыздың дамуына,
бәсекеге қабілетті болатын ел қатарына қосылатынына сенеміз.
IV. “Венн жүйесі”. Қытай мен Қазақстан елдерін салыстыру.
Осы ретте 2 оқушы “Венн жүйесі” бойынша ойлана отырып, тапсырмалар орындағанға дейін көрермендерге Қытай елі жөнінде ойлантып жүрген өзекті мәселелерін, сұрақтарын қойып, жауап алысып, пікірталас қызықты өтті.
Пікірталас сұрақтары:
1. Қытай тауарына көзқарасыңыз қандай?
2. Күнделікті тұрмыста қытай өнімдерін қолданасыз ба?
3. Қазіргі кезде қытайдың құрылыс тауарына деген сұраныс көбейіп келеді.
Оған айғақ: біздің тұрғындарымыз Қытайдан көптеп әкелуде. Сіз осыған қалай
қарайсыз?
4. ҚХР - на лотореядан туристік жолдама ұтып алдыңыз делік. Барар ма едіңіз,
әлде ақшасын қайтарып алып, басқа жаққа демаласыз ба?
«Венн жүйесі» бойынша оқушылардың жауаптарын тексеру:
Қытай
1) Жер ауданынан – 3 - ші
2) Халық санынан – 1 - ші
3) Мемлекеттік құрылымы – Социалистік мемлекет
4) Мемлекет басшысы – ҚХР - ның төрағасы
5) Заң шығарушы органы – халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы
6) Тілі – қытай (хань)
7) Ақшасы - юань
Қазақстан
1) Жер ауданынан – 9 - шы
2) Халық санынан – 50 - ші
3) Мемлекеттік құрылымы – Парламенттік республика
4) Мемлекет басшысы – ҚР - ның Президенті
5) Заң шығарушы органы – Сенат және мәжіліс
6) Тілі - қазақ
7) Ақшасы – теңге
Ортақ
Көп ұлтты, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өркендеген Азиядағы мемлекет.
V. Оқушылардың біліктілігін формативті бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру: Қытай Халық Республикасы, §25, §26, §27 қайталап оқу.
Эссе жазу: Қытай мен Қазақстан арасындағы сыртқы экономикалық байланыстар.
VIІ. Қорытындылау.