- 15 қаң. 2023 00:00
- 243
Қызғалдақтардың «Қызыл кітапқа» енуі
Қазақстан – қызғалдақтың отаны дейміз. Көктем келе сала бүкіл қазақ даласы қызыл түске оранып, елдің оңтүстік жағы тіпті наурызда-ақ гүлдеп сала береді. Дегенімен күнделікті көріп жүргендіктен адамзат баласына «Қызғалдақ» гүлінің түк те құны қалмады.
Қызғалдақтың бүкіл әлемде кездеспейтін бірнеше түрі тек Қазақстанда табылады. Мысалыға, "Бирберштейн" қызғалдағы, "Борщёв" қызғалдағы және т. б..
Қызылорда облысы бойынша қызғалдақтар саны күрт азайып ол өсімдікті «қызыл кітапқа» енгізу қабылданды. Яғни кімде кім қызғалдақты жұлу үстінде камера көздеріне, не полиция қызметкерлеріне көрінсе, ол кісіге бір қызғалдақты жұлғаны үшін 1458 теңге айыппұл салынады. 2020 жылы осындай қызғалдақтарға байланысты 7 жайт тіркелген.
Темиргалиева Турсынай