Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қызыл бұрыш

Қызыл бұрыш — биіктігі 60 сантиметрге жуық, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан, пішіндері жұмыртқа тәрізді, сағақтары ұзын, шеттері тұтас, ұштары сүйір. Гүлдері ақшыл, сары және көк түсті, дөңгелек, бұтақтарының айрылған жерлерінде бір-екіден орналасқан. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Тамыз-қыркүйек айларында жеміс береді. Қызыл бұрыш — мәдени өсімдік. Дәрілік мақсат үшін оның жемісін пайдаланады. Құрамында А, С витаминдері, капсаицын, пигменттік заттар, майлар, эфир майлары бар.

Қызыл бұрыштың жемісін азғантай мөлшерде тамаққа салса, тәбетті қоздырады. Оның спиртті тұнбасын ревматизмге шалдығып буын сырқырағанда, кұян болғанда, бұлшық еттер қабынғанда ауырған жерлерге жағады. Ал дененің үсіген жерлерін қызыл бұрыштан май дәрі жасап емдейді.

Қолдану тәсілі

Қызыл бұрыштың 25 грамм жемісш 100 мл араққа салып 10 күн тұндырады да, 30-40 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны дененің ауырған жерлеріне жағуға да болады.

Оқуға кеңес береміз:

Қызыл бұрыш және оның пайдасы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама