Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қызылқан (І нұсқа)

Көктемде ұшып келіп, күз түсе жылы жаққа қайтатын жыл құстарының ылғи алдын бастап, қарқара тарта ұшып отыратын Қызылқан атты бір құс болыпты дейді. Қызылқан өзінің соңындағы мың сан құсты небір қанат талар шөлден, топшы талар белден өткеріп, оты-суы мол өлкеге бастап келіп жүреді екен.

Бірде моншақтай тізіліп, жылы жақты сағалап келе жатқан қалың құс қарлы боранға ұрынып, жойдасыз шығынға ұшырапты. Сонда, соңынан ерген ұяластарының ауыр халіне күйзелген Қызылқан мұңын шағып Тәңірге барады. Тәңірі Қызылқанның шағымын тыңдап болып: «Е-е, түз тағысын табиғатпен тілдес етпей болмайды екен. Жарайды, мен сендерге адаспай ұшу үшін аспаннан жол салып берейін!» — деп, көк жүзіне ақ белдеу жол салып береді. Аспандағы ақ белдеу құс жолының пайда болу себебі содан болса керек.

Ұрпағының қамын ойлап, Тәңірімен тілдескен Қызылқан атты құсқа арнап сыбызғышы күй шығарған.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама