Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қоғаммен адам

Адам баласы шыр етіп дүниеге келген кезде ең бірінші өз анасын көреді. Содан кейін жарық дүниені, қоршаған әлеммен танысады. Тез өсіп қызық көрген сұрақтарының жауабын алуға асығады.

Міне осылай өмірді тани біле "қоғам" деген үлкен әлемге тап болады. Бұл әлемде жақсы да, жаман да, адал да, арам да өмір сүреді. Біз өмір сүріп жатқан қоғам қызыққа толы ертегі сияқты. Сол қоғамнан адамдар не үйренеді, не үйретеді?

Мысал ретінде басқа елдерді былай қойып өзіміздің Қазақстанды алып қарасақ. Сонау тәуелсіздік алған жылдан бері қазақ елінде не түрлі жағдайлар орын алды. Қайғысы да, қуанышы да қатар болды. Солардың қоғамға үлкен өзгеріс әкелгендері 2006 жылы болған терорлық әрекет. Адамзатты екі түрлі көз қарасқа қалдырып, жазықсыз адамдардың жапа шегуі қоғамды елең еткізді. Араға жылдар салып 2011 және 2015 жылдары мұндай әрекет тағыда қайталанды. Бұдан кейін қоғамның көзқарасыда өзгере бастады. Дінге деген, адамдарға деген сенімсіздіктері байқала бастады. Сонымен қатар елімізде көкек аналардың боз өкпе қылықтары бой көрсеткені де ел есінде. Сәби деген періште емес пе, ал періштелер арам жерге адам аяғы баспайтын лас жерде жатушы ма еді ?

Міне осындай түрлі оқиғалар қоғамның көзқарасын өзгертіп, өмірге деген тура жолдан таюына әсер етеді. Біздер кінәні анаған сілтеп, мынаған сілтемей қоғам болып бірігіп ат салыссақ алынбайтын қамал аспайтын асу болмайды. Келер ұрпақта осы қоғаммен араласа келе жеке тұлға болып қалыптасады. Қоғаммен орта тығыз байланысты. Қоғамның берген тәртібін өскен ортасыда бере алады. Егер ол оң көзбен қарайтын тәлім-тәрбие болса. Сондықтанда қоғамнан тек өзімізге керек деген жағымды дүниелерді бойымызға сіңіріп, жағымсыз дүниелерді қоғам болып бірлесе жеңейік.

Еліміздің болашағы мына біздер жас ұрпақ! Сол қоғамда біздерде өмір сүреміз!

Серикбол Асемгул


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама