Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үш тілде білім берудің болашағы жарқын

2017 жылдың 21 қарашасында қалалық білім бөлімінің «№ 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» коммуналдық - мемлекеттік мекемесінде 8 сынып оқушылары арасында «Үш тілде білім берудің болашағы жарқын» атты интеллектуалды тақырыптық кеш өткізілді. Шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру болды. Іс-шара барысында  8 «А» сынып оқушылары Абдикалик Дінислам, Абдикалик Нұрмұхамед, Төлепберген Елдос үштілділіктің маңыздылығы жайында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлең оқыды.  Кеш 5 кезеңнен тұратын  интеллектуалды байқауға  жалғасып, қатысушылар үш топта білім сынасты. Көрермен ұстаздардан әділ-қазы ұйымдастырылып, топтардың ұпайлары есептелді. Үш тілді кең қамтыған сұрақ-жауаптар, ойындар оқушылардың ой-өрісін ашып, білімдерін кеңейтті. Кеш  барысында оқушылар алған білімдерін ортаға салып, тілдік білім деңгейлері жоғары деңгейде екенін байқатты. Еліміздегі үш тілді саясаттың мәні мен маңызын, сонымен қатар кемшілігі мен кері әсерлері жайлы пікірталас өрбітіп, қызу тартысты кеш өткізді. 8 «В» сынып оқушысы Айтуғанова Анель «La Is La Bonita» әнін орындады.  Ағылшын тілі бірлестігі мұғалімі Шахатова Мәншүк  «Үш тілде білім берудің болашағы жарқын» тақырыбында  оқушыларға  презентация жасады. Болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болсын деген позитивті сарында тақырыптық кеш «My Bonnie» әнімен өз жұмысын аяқтады. Тіл туралы қызықты ақпараттармен әсем безендірілген шарадан көрермендер де көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Қызылорда қаласы,
№4 С.Сейфуллин атындағы мектеп
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Рахманбергенова Анар


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама