Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қола дәуірінің қоныстары
Сабақтың тақырыбы: § 15. Қола дәуірінің қоныстары
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
• Дамытушылық: Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, қола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артықшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын анықтай білу қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің аркасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін ұғыну.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1.«Ежелгі Қазақстан» картасы.
2. Жергілікті өлкетану мұражайындағы қола дәуірінің ескерткіштері.
3. Тас бетіне түрлі суреттер салынған қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінік беретін суреттері.

Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақ - тапсырмалардың көмегімен бірнеше оқушыдан жеке - жеке сұрап шығамын.
1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта, табиғат қандай болды?
2. Орта тас дәуірінде қандай аң аулайтын құралдар шықты?
3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
4. Мезолит аңшылары қандай жетістіктерге жетті?
5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?

Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Қола дәуірі.
2. Қола дәуірінің ерекшелігі.
3. Қола дәуірі (мық) мәдениеті.
4. Ескерткіштері.
Тас дәуірінен кейінгі ірі дәуір қола дәуірі деп аталады Ол б. з. б. II — I мыңжылдықты қамтиды. Одан кейін коланың мыстан айырмашылығын ашып көрсетемін. Қола мыс пен қалайының қосындысы. Бұдан кейінгі уақыттарда адамдардың негізгі шаруашылық құрал саймандары негізінен қоладан жасала бастағанын, оны игеруді адамдар қалай үйренгені жөнінде қызықты етіп әңгімелеп беруге болады. Еуразияның далалы аймақтарында қоланы игеру ісі ерекше қарқынмен дамыды. Қола дәуірінде рулық қатынастар біржола ыдырап, арнайы шаруашылықпен айналысатын тайпалық бірлестіктер пайда болды. Одан кейін қола дәуіріндегі ерекшелігін мына кесте түрінде ашып көрсетемін.
Қола дәуірінің ерекшелігі
• Түсті металдар мен алтынды игеру
• Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы
• Теселі егіншіліктің пайда болуы
Андрон (мық) мәдениеті тақырыпшасын оқушыларға кезек - кезек оқытамын, ал қалған оқушылар оның мазмұнын түсіндіреді. Оқушылардың Андрон мәдениеті туралы түсінігін еске жақсы сақтауы үшін мына төмендегі тірек сызбаны пайдаланамыз.
• Мық
• Орталық Қазақстан
• Бұғылы
• Ачинск
Андрон мәдениеті
• Кент арий, тур, қиян
• 150 - жуьщ қабір 30 - ға жуық қоныс
• егіншілік
• мал шаруашылығы
Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның солтүстік, орталық және батысынан табылған. Солардың негізгілері Алексеевка, Ұралысай, Тастыбүлақ, Тамғалы, Петровқа, Бесбай, Алғабас, Беласар, Бұғылы, Қанай, Беғазы - Дәндібай мәдениеттері. Оқушыларға қосымша мәлімет ретінде Беғазы - Дәндібай мәдениеті туралы әңгімелеп айтып беремін.
А. X. Маргулан. Бегазы - Дандыбаевская кулътура Қентрального Казахстана. Алма - Ата, 1979; Ғұлама тұлға, тағдыр, тағылым(ӘлкейМаргрлан туралы естелікмақалалар). Павлодар, 2004.
Жаңа тақырыпты меңгерудің келесі сатысы сабакта өткен жаңа сөздер бойынша жұмыс: алдын ала үйден дайындап жазып әкелген теселі егіншілік, Андрон мәдениеті, петроглифтер деген сөздер жазылған плакатты тақтаға іледі. Тақырыпты оқушылар қалай меңгергендігін тексеру үшін төмендегі сұрақтарды қоямын. Оқушылар сұрақтың жауабын жылдам беруі тиіс.
1. Қола дәуірі қай кезеңді қамтиды?
2. Қола қалай алынады?
3. Қола дәуірінің үш ерекшелігін айтып беріңдер
4. Қола дәуірінің ірі мәдениеті неліктен Андрон немесе мық мәдениеті деп аталады?
5. Қола дәуірінде Қазақстан тұрғындарын қалай атаған?
6. Қола дәуірінің ескерткіштері ең көп шоғырланған өңір?
7. Қазақ жерін қола дәуірінде мекендеген тайпалар қан - дай тілдік топқа жатқан?
9. Қола дәуірінде егіншіліктің қандай түрі пайда болды?
10. Қола дәуірінің ескерткіші Беғазы - Дәндібай мәдениетін ашқан көрнекті ғалымды ата.

Үйге тапсырма. 15 - параграфты оқып, соңындағы сұрақ - тапсырмалар бойынша дайындалып келу. Қола дәуірінің еңбек құралдарының суретін өздерінің ойынша салып келіп, әңгімелеп айтып беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама