Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Қоңыр күз
Ертеңгілік: Қоңыр күз

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жармеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Кейіпкерлер: Саңырауқұлақ, Күз ханшайымы, Бағбан ата

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Күзбен қоштасу ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Бүгінгі ортаңғы топтың « Қоңыр күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Құрметті келген қонақтар бүгінгі мерекеміздің басты кейіпкерлері «Аққу» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырайық. қол соғып бірге қарсы алайық!

Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық.
Күз мезгілінің соңғы айы. Қыс мезгілі де таяп қалды. Күз мезгілі үшке бөлінеді Алтын күз, Жомарт күз, Қоңыр күз болып. Алтын күз дейтін себебі айналаның бәрі жапырақтар, шөптер сары түске енеді сондықтанда алтын күз деп атайды. Ал, Жомарт күз деп егіншілеріміздің астықтарын жинайтын кезі астық жиналып болған соң егіншілер сабан той жасаған молшылық пен байлықтың кезі. Қоңыр күз деп ағаштар жалаңаштанып жердің бәрі қоңыр тартып аспанды сұр бұлт жауып тұрады міне мұны қоңыр күз дейді. Балалар міне сендермен өз өзгерісімен ерекшеленіп тұратын күз мезгілімен қоштасу барысында өткізілетін ертегілігімізді тақпақтармен бастасақ.

Тақпақтар
Ерсұлтан
Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз
Парасат
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
шақырады біздерді
Ерасыл
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі

Ақбөбек, Бекарыс, Нұрғисаның орындауында «Бидай мен қаңбақ» мысалынан көрініс қояды қабыл алыңыздар.

Ән: Күз

Қонаққа саңырауқұлақ келеді

Саңырауқұлақ: Балалар сәлеметсіздер ме! Мұнда не болып жатыр?
Балалар сендер тақпақтар білесіңдер ма?
Өлең білесіңдер ме?
Бәрін жаттап алғандарың көрініп тұр ал сендер менің жұмбақтарымды шеше аласыңдар ма?

Жұмбақтар
Ағайынды бәрі шықса жасыл түссе қызыл (Жапырақтар)
Аяғынан тік тұрған, Қалпағы бар антұрған (Саңырауқұлақ)
Тырс - тырс тамады, тереземді қағады (Жаңбыр)
Өте жақсы балалар мен сендерге енді өзімен бірге «Саңырауқұлақтар» биін ала келдім.
Би: Саңырауқұлақтар
Ойын: Жемістер мен көкөністерді ажырат
Жүргізуші: Енді сен біздермен бірге қонақ болып, балалардың ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Қоңыр күз. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама