
- 24 нау. 2025 22:28
- 52
Қостанай облысында кәмелетее толмаған қызды зорлаған ер адам ұсталды
Қостанай облысында кәмелетее толмаған қызды зорлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы НeМолчи қоры жазды, деп хабарлайды Infohub.kz
Ақпарат бойынша, өгей қызын Лисаков қаласының тұрғыны,танымал кәсіпкер зорлады деген болжам бар.Сондай-ақ,күдікті қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін.
Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталды.
"16 жасқа толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Күдікті қамауға алынып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – делінген хабарламада.
Олар ұсталғанның "жеке ұйымның қызметкері" екенін айтты. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды.