
- 24 нау. 2025 19:05
- 65
Ақтауда ұлттық киіммен әлемдік рекорд орнатылды
Наурыз мерекесіне орай Ақтау қаласында ерекше оқиға өтті – мыңдаған адам қазақтың ұлттық киімін киіп, бір жерде жиналды. Бұл бастама Гиннесс рекордтар кітабына «Ұлттық киімді ең көп адам бірге киген шара» ретінде тіркелді.
Шара «Best Fest Nauryz» атауымен ұйымдастырылып, оған 5500-ден астам адам қатысты. Ресми мәліметтерге сәйкес, рекордтық көрсеткішке 5000 адам тіркеліп, ұлттық киіммен келгені расталды. Бұл шара қазақ мәдениеті мен дәстүрін халықаралық деңгейде дәріптеуге бағытталды.
Қатысушылар арасында түрлі сала өкілдері, әртүрлі этнос өкілдері, үлкендер мен жастар, сондай-ақ Қазақстанның әр аймағынан арнайы келген қонақтар болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар ұлттық мұраны сақтап, оны әлемдік аренада кеңінен танытуға үлес қоспақ.
Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері шараны ресми тіркеп, жаңа жетістік ретінде мойындады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы жылдары да жалғасын таппақ.
-
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту үшін жаңа функцияларды іске қосады
-
Қазақстанда мемлекеттік мерекелерге бөлінетін қаражат көлемі қоғамда үлкен сұрақ тудырып отыр. Жаңа жылға жүздеген миллион теңге жұмсалғанымен, Наурыз мейрамына мүлде қаржы қарастырылмаған. Бұл тур...