- 03 сәу. 2020 00:00
- 217
Қойдың көзі
Байдың үйі қой сояды. Түнде бас шала мүжіліп қалады. Ертеңіне бай ерте тұрып, малын өргізіп кетеді. Байдың әйелі жас екен. Малшымен көңілдес болады. Бай кетісімен үйге сол келеді.
Сәскеде малдан бай қайтады. Әйелі малшыны жүк арасына жасырады. Қалған ет пен басты байдың алдына қояды.
Бай басты мүжи бастағанда, үш-төрт жасар баласы келіп, әкесінің тізесін баса отырады. Сол арада оның көзі жүк арасын да жатқан кісінің көзіне түсіп қалады да, көзін-ай, көзін-ай!-дейді бала. Шешесі сөзді дереу бастың көзіне бұрады:
— Тек отыр, көзді әкеңнің өзі жесін! — дейді. Бай оған мәз болады.