- 03 сәу. 2020 00:00
- 225
Танымал Нүке
Ертеде Нүке деген кісі ауылға келе жатып, соқамен жер жыртып жатқан орыс мұжықтарының тұсынан өте береді. Мұжықтар өгіздерін айдап:
— А, ну-ка! А, ну-ка! — деп жатады.
Нүке оны есітіп, ауылына мәз болып келеді.
— Сендер не білесіңдер, мені орыс мұжықтарының бәрі біледі екен. Анадай жерде қастарынан өтіп бара жатсам, Бәрі де «Нүке», «Нүке» деп айқайлап амандасып жатты, — депті.