Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Құдалықта

Келін түскен үй адамдары құдаларды күтіп жатады. Бір кезде бас құданың мұртына қамыр жабысып қалыпты. Сол сәт оның жанында отырған жас келіншек:

— Көке, баққа бұлбұл қонды, — деп жымиыпты.

Бас құда жалма-жан мұртын сипап қамырды алып тастайды. Үзілісте құда күтіп жатқан үйдің иесі дәретханада жас келіншектің жұмбақтап айтқан ескертпесін өз «көкелерінің» есіне салып:

— Мен де бас құда тәрізді мойлаумын ғой, қапыда менің де мұртыма бірдеме жабысса, бүйірге жайлап нұқырсыңдар, — депті.

Айтқандай-ақ бір мезгіл оның мұртына сары май баттаса жағылып қалса керек. Сол сәт дастарханның қарсы бетінде отырған баласы:

— Көке, әлгіде дәретханада ескерткеніңіз болып тұр, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама