Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Құдықтағы батыр

Тағы сол Қасымнан естідім.

Жетісуда бір үлкен апан құдық бар. Өзі терең. Түбінде қысы-жазы ерімей мұз жатады. Мұздың ар жағында атымен, сауыт-сайманымен, қару-жарағымен бір батыр жатыр. Батыр атына мінген қалпында, аты да, өзі де жамбастап жатыр. Бұны ел ерте күндегі қалмақтың ба, әлде Египеттің бе атақты батыры болу керек деседі. Мәңгілік мұздатып, тәнін шірімейтін етіп, әрі ескерткіш етіп салған болу керек деседі еліміз, — дейді. Батырдың бергі үстіндегі мұзы тура айна сияқты, анық көресің батырды. Сірә, мұз қалың болмау керек, — деді.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама