Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Суға сағымы түскен алтын ер

— Жетісуда екі жағы биік жартас түбінде жылжып аққан терең суы бар. Суы мөлдір. Жартастың бетінде есік бар. Ол есікте құлып бар. Есіктің маңдайында алтын ер тұр. Оның үстінде екі найзаны айқастырып қойған. Бұның бәрі судың бетіне түскен көрініс, ал сырттан жартастың беті көрінбейді, — деді 1932 жылы Алматыда ҚазПИ-да оқитын бір жігіт.

— Өз көзіңмен, нақты көрдің бе? — деп сұрағанымда:

— Өзім көрдім бірнеше балалармен барып. Бірақ суға түсе алмадық. Су өте терең, жартас биік еді, — деді студент Қасым деген жігіт.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама