әлеуметтік желі
- 13 қаң. 2026 07:03
- 19
Құлдықтан құтылған Құндыз бен Назгүлдің жаңа өмірі
17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайы белгілі болды. Журналист Руслан Өтепбай оларды жаңа жылдарымен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құлдықтан кейінгі өмір
Журналист Руслан Өтепбай Тараз қаласында тұрып жатқан Құндыз бен Назгүлге барып, жаңа жылдарымен құттықтады. Ол Қытайдан арнайы алып келген сыйлықтарын табыс етті. Әсіресе, Құндызға сыйлыққа келген микрофон қатты ұнаған. Ол онымен қонақтарға «Таңғы елес» әнін орындап берген.
«Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға 4 ай салып, Таразға келдім. Екі қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр», – деп жазды Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде.