Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Құлын, қозы, лақ

Жаз. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын қызық екенін талқыға салды.

Сөзді ақ лақ бастады.

— Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.

Қошақан лақтың сөзін жаратпады.

— Секіріп, атылып ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарға сарт-сұрт сүзгізу. Әрі күшің толады, әрі бұлшықетің қатаяды.

— Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік, — деді құлын.

Үшеуі қызылкеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры келісе алмай, әрқайсысы өз жөндеріне кетті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама