- 07 қаз. 2021 00:00
- 268
Құмкент
Оңтүстік Қазақстандағы Шолаққорған ауылынан 30 шақырым жерде ортағасырлық Кұмкент қаласының орны сақталған. Ол XIII-XIV ғасырларда Таластан Сайрамға қарай созылған керуен жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған. Құмкент айнала қорғаныс дуалмен қоршалған. Базары дуалдың сырт жағында орналасқан. Құмкентке 1256 жылы Мөңке ханға барып кайтып келе жатқан армян патшасы Гетум I тоқтаған.
Қазіргі уақытта қаланың қираған орны (биіктігі - 20 м, ұзындығы -450 м, ені - 300 м) төбешікке айналған. Қалашықтың сыртқы жағында қаланы қоршаған биіктігі 1,5 - 2 м дуалдың орны сақталған. Оның сыртынан қазылған ордың ені - 10-20 м. Жүргізілген қазба жұмысы кезінде түрлі ғимараттар орны аршылып, ыдыстар, мөр-сақина, ұршық бастары, т.б. заттар табылды. Табылған ескерткіштерге қарағанда, қаланы адамдар X -XV ғасырларда мекендеген.
Оқуға кеңес береміз:
Суяб
Сауран
Сайрам
Ұлы Жібек жолының 5 ірі қаласы
Ұлы Жібек жолы: Шөлдегі құдықтарда қалайша әрдайым су болған?