Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
Ортаңғы «Ботақан» тобында ұйымдастырылған музыкалық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: «Музыка»

Тақырыбы: «Әніміз бар тамаша!»

Мақсаты: балалардың ән туралы түсініктерін қалыптастыру; әнді мұқият тыңдай отырып, сипатын ажырата алу, бірге ән салу, ән ырғағын дәл сақтап орындау дағдыларын жетілдіру; әнге деген қызығушылықтарын ояту; музыкалық есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдер: салыстыру, сәйкестендіру, «ой қозғау», миға шабуыл, топтық жұмыс, дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: ойынға арналған үйлер және суретті алмалар (слайд), «Әнші төлдер» макеті, «Көңілді шарлар».
Билингвизм: ән - песня, әнші - певец, ақын - поэт, сазгер - композитор

Музыка жетекшісінің іс - әрекеті
І. Бастапқы жүріс
«Балдырғандар маршы»
Марш екпінді әуен ойнап, балаларды қабылдайды. Әндете сәлемдеседі.
Біз - көңілді баламыз,
Өнер қуған дарамыз.
Әнге салып әдемі
Би де билеп аламыз.

ІІ. Музыкалық - ырғақты қимылдар
«Келші, құрбым билейік»
Ән сөздеріне және ырғағына сәйкестендіре, жұптаса би қимылдарын орындауға шақырады.
Балалармен бірге ән салып, би қимылдарын дұрыс орындауларына ықпал етеді.

ІІІ. Музыка тыңдау
Ой қозғау. Балаларға әнге қатысты бірнеше сұрақтар қояды. Әуен мен сөздің үйлесуімен ән пайда болатыны жөніндегі түсініктерін пысықтайды. Ән, әуен сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын қайталатып, үйретеді.
Бір баладан өзі білетін әннің
әуенін ля - ля буыны арқылы орындауды, екінші баладан сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
- Әнді кім шығарады?
- Қандай сазгерлерді білеміз?
- Әннің сөзін кім жазады?
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз?
- Қандай ырғақтағы әндерді білеміз?.
Балалардың назарын « ақылды тақтаға» аударады.
«Бұл үйдегілер не істеуде?» муз. дид. ойынын ойнауға шақырады.
1.«Елімізді сүйеміз» (марш)
Ж. Қалжанова
2. «Күзге сәлем!» ( вальс)
А. Еспенбетова
3.«Әлди»халық әні
(бесік жыры)
Ойын шарты бойынша әртүрлі сипаттағы әуендерді ойнап, «үйдегілердің» қандай іс - әрекет үстінде екенін табуды сұрайды.
Жауаптары дұрыс болған жағдайда көңілді әуен ойналатынын айтады.

ІV. Дауыс жаттығулары
Жаттығуларды бірүнділікпен, әуенін дұрыс айтуларына мән береді.
«Музыкалық баспалдақ» арқылы жаттығу жасатады.

V. Ән салу
1. «Елімнің ертеңгі иесі біз!»
әні: А. Еспенбетова. Өткен әнді естеріне түсіреді. Әннің атын, сазгерін атауды сұрайды.
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
2. «Әніміз бар тамаша!»
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
Тамаша әнімізге қосылуға «әнші төлдер» келгендігін айтады.
Балаларға төлдермен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Әннің І қатарын - ботақандар тобы, ІІ қатарын - бұзауқандар тобы, ІІІ қатарын - лақтар тобы,
ІV қатарын - құлыншақтар тобы, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға
үйретеді.

VІ. Ойын ойнау
«Ән салған кім?» муз. дид. ойын.
Ойын алаңына «көңілді шарларды» алып баруларын сұрайды. Ойын шартын түсіндіреді. Санамақ арқылы ойын бастаушысын сайлайды.
Достығымыз жараса,
Асыр салып таласа
Ойынды тез бастайық,
Шартын қатаң сақтайық
1 - 2 - 3. Ойын баста, ұш!
Әннің І шумағын орындау кезінде «шарларды» артқа тығып,
шеңбер бойымен жай баса жүріп, әндетуді, қайырмасында – «көңілді шарларды» іске қосып, ырғағын соғуды ұсынады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама