Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Кім тапқыр?"
2 - сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен ашық сабақтың жоспары
Тақырыбы: «Кім тапқыр?»
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл тәуелділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: суреттер

Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу. Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгін біз «Қазақстанның 20 жылдық мерейтойына» арналған
«Кім тапқыр?» атты сыныптан тыс шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Бұл шарада 2 «Б», 2 «В», 2 «Г» сынып оқушылары топ - топқа бөлініп сайысқа түседі.
Балалар, бүгінгі сайыстың мақсаты:
Қазақ тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту,
Қазақ тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Қазақстанның, қазақ тілінің құдіреті туралы түсініктерін кеңейту және дамыту.

ІІ. Сайыс сабақ:
«Сәлем – сөздің бастауы» - оқушылар, енді әрбір топ өздерін таныстырып өтуі керек.
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Сайыстың жалпы турлары:
1. «Кім жүйрік?» - сұрақтарға жауап беру.
2. «Кім жылдам?»- сөздерге тиісті әріптерді қою.
3. «Алтын сандық» – орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аудару.
4. Капитандар сайысы.

Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.

1. «Кім жүйрік?» - сұрақтарға жауап беру.
1. Күз айларын ата.
2. Қыс айларын ата.
3. Сен нешінші сыныпта оқисың?
4. Қыста дала қандай түсті болады?
5. Күзде жапырақтар қандай түсті болады?
6. Оқу құралдарына нелер жатады?
7. Күзде далада не жауады?
8. Ал қыста далада не жауады?
9. Қыста адамдар қандай киім киеді?
10. Қазақстан Республикасының президенті кім?
11. ҚР мемлекеттік тілі қандай тіл?

2. «Кім жылдам?»- сөздерге тиісті әріптерді қою.
Сын__ п
Оқ__ шы
Мект__ п
Тақ __а
Оқу қ__ ралдары
К __тап
К__ нделік
К__ з
Қ__ с
Жа __быр
Дәпт __р
Б__ р
Т__ рт
Мыс__ қ
М__ ғалім

3. «Алтын сандық» – орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аудару
Класс, школа, ученики, книга, зима, осенние месяцы,
Дождь, учитель, доска, зимняя одежда, семья, человек, магазин, город, платье, девочка, мальчик.
4. Капитандар сайысы.
Әрбір топ басшысы өз отбасы туралы әңгімелеп беру керек.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Оқушылар жинаған ұпайларды есептейміз, сайыстың жеңімпазын анықтап, марапаттау.
«Кім тапқыр?» атты шарамызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!! Сау болыңыздар!!!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама